Жетісай ауданында «Алтын күз» туристік көпсайысы өтті

0
2 663

Қатысушылар топтық жарыс, үй тапсырмасын орындау, жергілікті жерді бағдарлау, туристік ән, туристік тұрмыс талаптары бойынша жарыс көрігін қыздырды


Жетісай ауданында «Алтын күз» туристік көпсайысы өтті

Жетісай қаласындағы орталық саябақта аудандық «Жастар ресурстық» және балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталықтарының ұйытқы болуымен жастардың арасында спорттың туризм тәсілдерін насихаттау, жас туристердің ептіліктері мен дағдыларын шыңдау мақсатында «Алтын күз» туристік көпсайыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараның ашылу салтанатына Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков, аудандық «Жастар ресурстық» орталығының директоры Мұхтар Бейсенбаев, аудандық білім бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Тұрсынбай Мырзалиев және БАҚ өкілдері қатысты.

Шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков аталған сайыстың Елбасы Жолдауын қолдау мақсатында іске асырылып отырғанына тоқталды.

«Туристік көпсайыстың мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында спорттық туризм тәсілдерін насихаттап, жас туристердің ептілік, дағдыларын шыңдау. Спорттық шараға 9 білім ұясының оқушылары мен 2 орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатысып, 5 негізгі тақырып бойынша өзара бақ сынайды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар тарту ететін боламыз», - дейді іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі – Жетісай аудандық «Жастар ресурсты орталығы» КММ-нің басшысы Мұхтар Бейсенбаев.

Сайыс өте тартысты басталды. Қатысушылар топтық жарыс, үй тапсырмасын орындау, жергілікті жерді бағдарлау, туристік ән, туристік тұрмыс талаптары бойынша жарыс көрігін қыздырды.