Жетісай қаласы әкімінің орынбасары сотталды

0
987

Ол мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойы айырылды.


Жетісай қаласы әкімінің орынбасары сотталды

ERNUR.KZ. Жетісай қаласы әкімінің орынбасары сотталды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаменті басшысының орынбасары Данияр Ақуан айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«2020 жылғы 29 сәуірде Жетісай аудандық сотының үкімімен Түркістан облысының Жетісай қаласы әкімінің орынбасары Қ. Смайыловқа мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойы айыру және 7 млн теңге көлемінде айыппұл салу жазасы тағайындалды», - деді ол.

Данияр Ақуановтың айтуынша, ол алдау және сенімге қиянат жасау арқылы Жетісай қаласында шағын және орта бизнесті дамыту үшін жер телімін беруде 500 мың теңге сомасында ақша қаражатын ұрлаған.