Жетісайда табиғи газдан 15 адам уланып, үшеуі қаза болған

0
1 368

Өрттің шығу себептерінің басым бөлігі тұрғындардың жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы, жылыту қазандықтары мен мұржаларын талапқа сай емес күйде пайдалануларынан болып отыр.


Жетісайда табиғи газдан 15 адам уланып, үшеуі қаза болған

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Жетісай ауданында жылыту маусымы басталғалы 15 адам уланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жылыту маусымы басталғаннен бері Түркістан облысы Жетісай ауданында тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін дұрыс сақтамауы салдарынан 15 адам табиғи газбен уланып, оның үшеуі қаза тапқан.

Сондай-ақ, ҚР ІІМ Төтенше Жағдайлар комитеті бекіткен іс-жоспарға сәйкес Жетісай аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызу жұмыс жүргізіп жатыр. Жылыту маусымы басталғалы жер-жерлердегі оқу орындары мен мектептерде, тұрғын үйлер мен балабақшаларда 31 095 адаммен кездесулер өткізіп, өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын түсіндіріп, жаднамалар таратқан. Нәтижесінде өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда өрт оқиғасы 8-ге, шығын көлемі 4 млн теңгеге азайыпты.

Айта кетейік, 2017–2018 жылғы жылыту маусымында 26 өрт оқиғасы орын алып, өрттің салдарынан келген шығын 17 925 000 теңгені құраған.

Десек те, жүргізілген профилактикалық түсіндіру жұмыстарына қарамастан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамайтындардар да жиі кездесіп жатыр. Осы мақсатта 186 мекеме тексеріліп, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны үшін 181 тұлғаға әкімшілік шара қолданылып, 2 555 300 теңге көлемінде айыппұл салынған.