Көлемі, түсі, сабағы: Асқабақтың ең дәмдісін таңдай біліңіз

0
12 022

Дәмді, тәтті, нағыз піскен асқабақты қабығына қарап таңдауға болады.


Көлемі, түсі, сабағы: Асқабақтың ең дәмдісін таңдай біліңіз

Асқабақ – нағыз күзгі өнім. Оның жұмсақ еті мен дәні адам ағзасына қажетті көптеген пайдалы заттарға бай. Сондықтан қыз- келіншектер асқабақтан түрлі тәтті, дәмді ас-ауқат, пісірмелер т.б көптеген дүниелер жасап жатады. Алайда жақсы піскен, дәмді өнімді дұрыс таңдай алмасаңыз, асқбақ дастарханға емес, малға азық болып кетуі мүмкін. Сіздерге нағыз пісіп жетілген асқабақты анықтап, ажыра білудің бірнеше жолдарын ұсынамыз.

Асқабақты көлеміне қарап ажыратуға болады

Негізі асқабақтың көлемі үлкен болған сайын жақсы піскен деп есептеледі. Бірақ бұл олай емес. Егер асқабақтың көлемі 10кг жоғары болса, онда ол мүлде тәтті болмауы мүмкін. Сондықтан ең дұрысы 3 немесе 5кг-дық асқабақ. Сондай-ақ жемістің салмағын көз жобамен өлшей салмау керек, міндетті түрде таразыға тартып алған жөн.

Қабығына қарап тануға болады

Жақсы піскен асқабақтың қабығы тығыз болады, сыртынан балауыз тәрізді жұқа қабықша мен тарамдалған (прожилок) суреттер болады. Сондай-ақ піскен асқабақты тез ажырату үшін тырнақтың ұшымен қатты батырмаймұқият шұқып көру қажет. Егер қабық тез сырылса, демек дақыл жақсы піскен. Ал қабығы қаттылау, ағаш секілді болса, онда оның іші өте қатты пісіп кеткен. Ал ондай дақылды ұзақ уақыт сақтау мүмкін емес және оны турап кесу де қиын.

Піскен дақылдың сабағы қалай болу керек

Өзге де дақылдар секілді асқабақтың да сабағы оның бақшалықтан қашан жұлынып алынғанын және піскен немесе піспегенінен хабар береді. Егер сабақ толық, қатты және құрғақ, тіпті таяқ тәріздес болып қалса, демек ол піскен. Ал өнім піспей жатып жиналған болса, оның сабағы жасыл және жұмсақ болады.

Маңызды: Егер асқабақты ұзақ уақытқа сақтауға алатын болсаңыз, қабығында сызат болмауына мән беріңіз. Кез-келген сызат, жырық асқабақтың көгеріп, бұзылуына әкеледі. Мүмкіндік болса, сабағы жұлынған асқабақты алудың қажеті жоқ.

Кесілген бөліктен піскен немесе піспегенін ажыратуға болады

Көп ретте дүкендерде асқабақты кесіп сатады. Негізікесілген асқабақты сатып алу санитарлық нормаларға сай келмейді. Бірақ кесілген асқабақтар алып жүруге және қалтаға ыңғайлы. Сондай-ақ асқабақтың бүтін күйінде көзге көрінбейтін өзге де сипаттарын көруге болады. Мысалы түсін, дәнін.

Асқабақтың жұмсақ етінің түсі қанық болған сайын А және В дәруменіне бай келеді. Сұрпының түріне қарай асқабақ қызғылт және сары түсті болады. Егер жұмсақ етте ешқандай ақшыл немесе жасыл түстер болмаса, ол асқабақ жақсы піскен. Сондай-ақ кесілген асқабақты дәніне қарап та таңдап алуға болады. Ол үшін бір дәнін алып шағып көру қажет. Егер дәннің іші толық болмаса, демек асқабақ та толық пісіп үлгермеген.

Иіскеп көру керек

Асқабақтың толық піскенін иіскеп те ажыратуға болады. Толық пісіп жетілген асқабақтан аңқыған тәтті иіс шығады. Ал әлі пісіп үлгермегендерден асқабақ иісіне қарағанда шөптің иісі көбірек шығады.

Асқабақты қысқы мезгілде сақтау жолдары

Асқабақты сақтау үшін ең алдымен дұрыс өнім таңдап алу керек. Сақтау үшін орта және ірі көлемдегі, сыртқа қабығында шірігі жоқ асқабақтар таңдалады. Егер қандай да бір сызат, ұрылған, соғылған жері болса, онда 3%-дық марганец ерітіндісімен (марганцовка) өңдеген жөн. Толық пісіп үлгермей жатып жиналған асқабақтарды құрғақ, жылы температура 25 градус жерде 1 – 2 апта аралығында пісіріп алу қажет. Асқабақты жинағанда арасына ауа кіретіндей етіп жасау керек. Егер асқабақты бүтіндей қоятын жер болмаса, ортасындағы жұмсақ етін төртбұрыпштап турап, пакет қалтаға салып, мұздатқышта сақтауға болады.

Тағы оқыңыздар: Пештің түтіндігі тартпай қалды ма? Картоп "көмектеседі"


Дайындаған: Эльмира Абилханқызы

ERNUR.KZ.