КРАХМАЛ қосып еккен сәбіз ІРІ және МОЛ өнім береді

0
4 739

Бұл біріншіден уақыт үнемдейді, екіншіден мол өнім алуға көмектеседі және мұндай жолмен егілген сәбіздер өте жылдам өседі.


КРАХМАЛ қосып еккен сәбіз ІРІ және МОЛ өнім береді

Жер үйде тұратын жандардың төтенше жағдайға қарауға уақыттары жоқ болар сірә. Жер үйде жұмыс көп. Үйдің ішкі жұмысы өз алдына бір бөлек сырттағы бау-бақша, аула жұмыстарының өзі жетіп жатыр. Карантинді пайдаланып есік алдындағы жерлерге шама келгенше көкөністер мен дақылдар егіп алуды бастап кеткендер көп шығар. Көп ретте бақшаға ең қажетті деген өнімдер егіледі. Қажетті өнім қатарына қияр мен қызанақ, картоптан кейін сәбіз тұрады. Ендеше осы сәбіздің қондыру тәсіліндегі аз ғана құпияны біле жүріңіздер. Бұл біріншіден уақыт үнемдейді, екіншіден мол өнім алуға көмектеседі және мұндай жолмен егілген сәбіздер өте жылдам өседі. Сондай-ақ олар көктемнің соңына қарай орын алатын кейбір қытымыр мінезіне, үсікке, салқын күндерге қарсы тұра алады.

Сәбізді арнайы қоспамен бөтелке арқылы егу қажет

Көп ретте сәбіз еккен кезде жиі болып кетіп жатады. Бұл тамырдың жақсы дамып, мол өнім беруіне кедергі келтіріп жатады. Сол себептідәнді мұқият, бір-бірінен алшақ етіп егу қажет. Бұл үшін өте керемет тәсіл бар. Ол тәсіл арқылы еккен сәбіздер жылдам өсіп, мол өнім алуға болады. Бұл үшін шамасы 3л көлеміндегі кәстрөл, 2 литрлік пластикалық бөтелке (баклашка), 3 ас қасық картоп крахмалы және 2 ас қасық сәбіз ұрығы қажет.

Бірінші әрекет – қоспа дайындау

  • Кәстрөлге су құйып отқа қоямыз. Стақанға бөолме температурасында тұрған су құйып, кразхмал салып ерітеміз.
  • Бөтелкені қоспаға толтырып болған соң ішіне ұрықты салу қажет. Мұны құйғыш (воронка) көмегімен жасауға болады. Бұл жерде құйғыштың құрғақ болғанын қадағалау керек, әйтпесе ұрықтар жабысыпшығады. Бөтелкенің аузын жауып , ұрықтардың біркелкі болғанша жақсылап шайқаймыз.

Кәстрөлдегі су қайнаған кезде стақанға дайындаған крахмал ерітіндісін үстінен құямыз. Жәй оттақайнатамыз, жиі-жиі қозғап, біртекті болғанша араластырамыз.

Қоспа қою, бірақ қасықпен алғанда тамшылап тұратындай дәрежеде болуы керек. Егер қатты қоюланып кетсе аз ғана су құйып жіберсеңіз болғаны. Қоспа дайын!

Қоспаны суытып, бөтелкеге құямыз. Бірақ бөтелкені аузынан шығарып толтырудың қажеті жоқ. Бөтелкенің жоғары жағында 100 мл бос орын қалу қажет. Бос орын ұрықтың бөтелке ішінде жақсы шайқалуына және біркелкі орналасуына көмектеседі.

Сәбізді егу жұмыстары

  • Сәбіз ұрығы бар қоспаны бақшаға еге беруге болады. Алдымен бөтелкедегі қоспаны жақсылап бір шайқап, жүйектің бір шетіне егіп көру қажет. Бұл – бөтелкені қаншалықты еңкейтіп ұстау және қалай құю керектігін біліп алуға керек. Бастысы қатты мол етіп құймау қажет.
  • Жүйектер сәбіз екпес бұрын алдын-ала суғарыып қоюы керек. Ал жүйектердің арасы 20см кем болмағаны жөн.

Мұндай тәсілмен отырғызылған сәбізді кейіннен сиретіп, арасынан жұлып жатпайды. Ал крахмалдан жасалған қоспа, ұрықтағы ылғалдың тез кетіп қалмауына септігін тигізеді.

Бақшаларыңыз түрлі көкөніс дақылдарға толы, мол болсын!


Біле жүріңіз: Сатып алған НАНДЫ да ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ қажет


Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ