Дүкеннен алған нанды залалсыздандырудың ең оңай және қауіпсіз тәсілі бар.
Әлемнің түгелге жуық елдері пандемия кесірінен халқын карантинге жауып, қауіпті індеттің таралуына жол бермеу үшін барын салуда. Карантин кезінде тек ең қажетті, керекті, яғни азық- түлік пен дәрі-дәрмек үшін ғана сыртқа шығуға мүмкіндік беріледі. Сырттағы әрбір ұзақ жүрген уақыт сіздің денсаулығыңызға қауіпті болуы мүмкін.
Соның ішінде ең қажетті, күнделікті тұтынатын нан өнімдерінде де... Әрине, қазір көптеген қыз-келіншектеріміз карантин, төтенше жағдай кезінде нанды өздері жауып жүр. Алайда нанды сырттан сатып алатындар қатары да көп екені жасырын емес, әсіресе қалаларда. Ендеше індеттің алдын-алып, сақтану үшін сатып алған нанды қалай залалсыздандырудың жолы бар.
Дүкендердегі заттардың көпшілігі арнайы қаптамада, ыдыстарда немесе қалталарға ораулы болады. Бірақ ашық күйінде сатылатын азық-түліктер қатары да жеткілікті. Бұл бірінші кезекте жеміс-жидектер, дақылдар және нан өнімдері. Ал көпшілігіміз жақсы тауар алу үшін қолмен ұстап, таңдайтынымыз анық.
Дақылдар мен жеміс-жидектерді үйге барған соң тазарту, залалсыздандыру жолы оңай және көпшілігіміз оны жақсы білеміз. Оларды ыстық сумен жууға және қабығын аршып тазартуға болады. Ал нан өнімдеріне мұндай айла амал жасай алмайсыз. Алайда мамандар бетіне вирус түскен нанды тез-ақ залалсыздандырудың ең оңай жолымен бөлісті.
Нан өнімдерін 2 минутта залалсыздандыруға болады
Егер нанды дүкеннен сатып алып жейтін болсаңыз, "сақтықта қорлық жоқ" деп үйге келген соң бірден залалсыздандырып алыңыз. Ол үшін тұмшапешті (духовка) 180-200 градусқа қойып қыздырып, нанды 2 минутқа салып алыңыз. Егер үйде кішкентай бала, қария немесе иммунитеті төмен жандар болса, онда пешке қою уақытын 5 минутқа ұзарту керек.
Бұл тәсіл қауіпті індетті жұқтырудың алдын-алады. Әрине дәрігерлер азық-түліктен жаппай ауру жұқтыру туралы деректердің жоқтығын айтады. Сондықтан нанды термоөңдеу қауіптің алдын-алу, оны болдырмау үшін.
Жеміс-жидектерді мұқият жуу қажет
Қазіргі кезде жеміс-жидектерді ұзақ сақтау үшін балауыз немесе парафинмен өңдейді. Сондықтан оны тазарту үшін жеміс-жидектерді сабынды суда жақсылап, ысқылап жуу керек. Артынан ыстық су құйып бір рет шайып, соңынан салқын сумен жуып сүрту қажет.
Жұмыртқаны да тазартқан дұрыс
Тапсырыспен келген астарды да залалсыздандыру керек
Сырттан келген дайын ас-ауқатты ашпай тұрып, ыдыстардың сыртын антисептикпен немесе спиртті сулықпен (салфетка) жақсылап сүртіп алу керек. Артынан қолды жуып алып, арнайы ыдыстардағы тағамдарды үйдегі күнделікті тұтынып жүрген ыдысқа салып жеген дұрыс.
Ал егер үйде ауруға жақын, әлсіз адамдар болса, онда тағамдарды үй ыдыстарына салған соң тұмшапешке бір рет қойып алыңыз.
Біле жүріңіз: ҮЙ ішін ДҰРЫС ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ жолдары қандай?
Дайындаған: Эльмира Базарбаева,