Қырыққабатты ТЕМЕКІ КҮЛІ зиянкестен сақтайды

0
2 518

Суғару тәртібінің бұзылуы да түйін байламауға бірден-бір себеп.


Қырыққабатты ТЕМЕКІ КҮЛІ зиянкестен сақтайды

Аққауданды қырыққабат – суыққа төзімді, ерекше күтімді қажет етпейтін, қыста жақсы сақталатын көкөністердің бірі. Бірақ қырыққабат өсірудегі ең жиі кездесетін мәселелердің бірі – түйнек байламауы. Түйнек байламаудың бірнеше себебі болуы мүмкін. Төменде қырыққабаттың түйнек байламауының басты себептері жайлы жазылған.


Қырыққабаттың түйнек байлайтын уақыты

Қырыққабаттың түйнек байлауы оның сұрпына байланысты.

  • Ерте пісетін сұрыптар тек піскен уақытта ғана жарамды, ұзақ сақтауға келмейді. Ерте, тез пісетін қырыққабаттың бұл сұрпы егіп, жапырақтары жарып шыққан соң 40-45 күн ішінде түйін байлай бастайды.
  • Орта кезеңде пісетін сұрып – ашытуға арналған. Дәнді егіп, ол шыққан соң 60-65 күнде түйіндейді.
  • Кеш пісетін сұрып – тамыз айында түйінделе бастайды. Кеш пісетін сұрыптың өнімі қыркүйек айының аяғы, қазан айының басында жинала бастайды. Бұл сұрып келесі жазға дейін жақсы сақталады.


Қырыққабаттың түйін байламау себебі

Еккен дәннің сапасыз болуы

Егер қырыққабатты былтырғы алынған өнімнің дәнінен еккен болсаңыз, онда оның түйін байламауы мүмкін. Сондай-ақ 3 жылдан артық сақталған дәндер де өнім бере қоюы екіталай. Дәнді арнайы дүкеннен алып еккен жөн.


Дұрыс уақытта егілмеуі

Қырыққабатты уақытынан кеш егудің салдары оның түйін байламауына әсер етеді. Қырыққабаттты әр өңір өз климатына қарай мамыр айынан бастап, маусымның 10-на дейін егіп болады. Ал одан кеш егілген жағдайда түйін байлауы екіталай.


Қырыққабатты еккен жердің дұрыс болмауы

Қырыққабат жарық сүйгіш өсімдік. Сондықтан оны бақшаның ашық, тегіс, күн көзі жақсы түсетін жағына еккен дұрыс. Қырыққабатты бұршақ тұқымдастар, асқабақ, қияр, кәді, картоп, қызанақ жанына немесе еккен топыраққа өсірген жақсы. Тұрып, шалғам еккен жерге қырыққабат жақсы өспейді.


Суғару тәртібінің бұзылуы

Қырыққабат үздіксіз, мол суғаруды қажет етеді. Әсіресе жапырақтары жиілеп, түйін байлай бастаған кезде суды көп қажет етеді. Қырыққабат 9-10 жапырақ жайған кезде, аптасына 3 рет суғару керек. Әр түпке шамамен 5-8 литр су құйған дұрыс.

Аққауданды қырыққабатты қатты ыстық күндері кешкісін салқын сумен шомылдырып алған жөн.

Ескерту! Шектен тыс мол суғару да судың жетіспеуі сияқты зиянды. Мол ылғалдан топырақта зең пайда болады.


Егілген қырыққабаттың арасының тым жиі болуы

Қырыққабаты еккен кезде арақашықтығын сұрпына қарай сақтау керек. Ерте пісетін қырыққабаттардың арасы 40 см болса, кеш пісетін сұрыптар 70см арақашықтықта егіледі. Ал жиі егілген кезде бір-біріне көлеңке түсіріп, қырыққабаттың түйін байлауы қиындайды.

Егер жерді үнемдеу керек болса, онда арасына аскөк егуге болады.


Ауа-райының әсері

Қырыққабат +15 пен +25 градуста жақсы өседі. Ал одан төмен температурада өсуі баяулайды.

Ыстық пен құрғақ ауа-райы да қырыққабаттың дамуына кері әсер етеді. Сондықтан қатты ыстықта кешкісін салқын сумен суғарып тұрған жөн.


Топырақтың қышқыл болуы

Қышқыл топырақта қырыққабат ауырып дұрыс өспейді, түйін байламайды.


Зиянкестер мен аурулар

Қырыққабат зиянкестер мен аурудың кесірінен де өспейді.Сондықтан қырыққабаттың жапырақтарын жиі-жиі қарап тұру керек. Егер жапырақтарда майда тесіктер байқалса, онда тез арада өңдеу жұмыстарын жүргізу қажет.


Зиянкестермен күресудің халық арасындағы тәсілдері:

  • Темекі ұнтағын, құрғақ қыша немесе қызыл бұрыш шашу;
  • Сарымсақ тұнбасымен бүркіп шығу.


Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз: Шиені теріп алған соң МҰНЫ міндетті түрде жасау керек