​Шиені теріп алған соң МҰНЫ міндетті түрде жасау керек

0
6 109

Жемісін бергеннен кейін ШИЕГЕ күтім керек.


​Шиені теріп алған соң МҰНЫ міндетті түрде жасау керек

Жемісін ерте беретіндердің бірі – шие. Кез-келген жеміс ағашы секілді шие де мол күтімді қажет етеді. Күтім тек қана гүлдеп өнім беретін кезде ғана емес, жемістерін теріп алған соң да жалғасуы керек. Бұл келесі жылы да мол өнім алудың кепілі.

Өнім беру кезеңі ағаштың біршама күшін алып қояды. Бар күшін өнімнің қалыптасуы мен пісуіне арнағаншие ағашы аурулар мен зиянкестерге әлсіз болып қалады. Тіпті ағаш сау секілді көрінсе де, ол күтімді қажет етпейді деген сөз емес. Ендеше төменнен шиені теріп алғаннан кейін қандай маңызды істер атқарылуы керек екенін білген жөн.


  • Ағаш түбіне шеңбер жасау

Ағаш түбіндегі топыраққа күтім жасау, ол өнім беріп болған соң да жалғасуы керек. Ең алдымен ағаш түбіндегі арамшөптерден құтылу қажет.

Екіншіден ағаштың түбін аударып үлкенірек шеңбер жасап шығамыз. Ағаштың тамырына тиіп кетпей мұқият аударған жөн. Топырақты шөп тамырлары мен қалдықтарынан тазартамыз.


  • Қыс алдындағы суғару

Ылғалды топырақтағы ағаш тамырлары оңайлықпен үсімейді. Шие ағашын мол суғаруды көп ретте қазан-қараша айларында жүргізеді. Бірақ айға байланысты қатып қалған қағида жоқ. Егер ағаштың жапырақтарының жартысынан көбі түсіп, ауа температурасы 2-3 градусқа дейін төмендесе, онда шие ағашын мол етіп суғарған дұрыс.

Егер суғаруды ертерек жасап қойған болсаңыз, онда ағаш жаңа жас өскіндер шығара бастайды. Ал жас өскіндер қысқа дейін бекіп, қатайып үлгермегендіктен қатты аяздарға шыдай алмайды. Шыдас бергеннің өзінде ол ағаштың көп күшін алып қояды.

Жаңбырлы аймақта тұратындар да шие талын қыс алдында мол суғарғаны жөн.

Бақшаның қосымша ылғалды қажет етіп тұрғанын бақшадағы топырақты аударып анықтауға болады. Ол үшін екі ағаштың арасынан тереңдігі 50см шұңқыр қазіп, бір уыс топырағын алу керек. Егер топырақ бір-біріне жабыспай, төгіліп тұрса, онда оған ылғал қажет. Ал кесек-кесек болса, онда суғаруды қажет етпейді.

Ескеру! 1-2 жылдық шие ағашы үшін шамамен 40 литр су керек болады. Ал одан үлкенірек шие ағашына 50-70л, 10-15 жылдық ағаш үшін 70л, 15 жылдан жоғарылары үшін 100 л шамасында с керек.


  • Тыңайтқыш беру

Шие ағашы жеміс бергеннен кейін де қоректендіруді қажет етеді. Пайдалы заттарды уақытында беру ағаштың келесі жылы мол, сапалы өнім беруінің басты кепілі. Бастысы күзгі мезгілде ағашты азотпен қоректендірмеу. Бұл қоректі алған ағашта жаңа өскіндер пайда болады. Ал жаңа жас өскіндер қысты көтере алмайды, тек ағаштың күшін алып қояды.


  • Қырқу

Негізі ағашты көпретте көктем мен күзде қырқып жатамыз. Алайда шие ағашының келесі жылдық өнімі де молынан болуы үшін жазда қырыққан дұрыс. Өнімін жинап болған соң бірден қырқу керек. Жазғы мезгілде қырқу жұмыстары 3 жылдан асқан ағаштарға жасалады. Қырқудың бірнеше реті бар:

Санитарлық қырқу – қураған, сынған, бір-біріне айқасқан өскіндерді кесу.

Өсуге арналған қырқу – жаңа өскен 50 см-ге жеткен өскіндерді 20 см кесу керек. Бұл өскіндер келесі жылға дейін қатайып, бұтаға айналып мол өнім беруге дайын болады.

Қалыпқа келтіретін қырқу – Ағаш тым жоғары дөсіп кетпес үшін оның бұталарының биікті 2-2,5 м шамасында қалатындай етіп жоғары жағын қырқу керек.


  • Әктеу

Ағашқа тұрлі ауру мен зиянкестер зиянын тигізбес үшін оның түбін әктеп қойған жөн. Сондай-ақ әк қабаты күн сәулесінен қорғайды. Ағаш қабықтары қатты қызып жарылып кетпейді.

Шие талына күтім жасау аса қиын емес. Күтім жасауға кеткен бір-екі сағат уақыт келесі жылы мол өнім болып қайтады.



Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз: БАУ-БАҚША құпиялары: Болгар бұрышы да "ауырады".