Теңге гүлі ақша шақырсын десеңіз мынаған мән беріңіз

0
17 450

Теңге гүлінің жапырағы қалыңдап, үлкейіп өскен сайын үйге кіретін табыс та молайып, шаңырақтың шаттығы арта түседі.


Теңге гүлі ақша шақырсын десеңіз мынаған мән беріңіз

Бөлме гүлін өсіруге қызығатын жандар, үнемі өсіріп отырған өсімдіктерінің жағдайына алаңдап жүреді. Сондай-ақ әрбір гүлдің түбін қопсытып, тыңайтқыш беріп, көшеттеп, анда-мұнда отырғызып, гүлдеген кезінен ерекше ләззат алатын жандар да аз емес. Қазіргі таңда кез-келген үйден "ақша шақырады", "бақыт әкеледі" деген сеніммен қондырылған әрі үй ішінің сәнін келтіретін теңге ағашы немесе теңге гүлін көруге болады.

Толстянка (крассула) – "теңге гүл" атымен танымал болған бөлме өсімдігі. Өсімдіктің бұлай аталуы жапырақтарының тиынға ұқсас болуынан болса керек, әрі гүлді үйде өсірсе ақша шақырады, бақыт әкеледі деген сенім де кеңінен тараған. Бұл сенім расқа айналады, егер гүлді дұрыс қондырып, дұрыс орынға қоя білсеңіз!

Ендеше теңге гүлін қалай отырғызып, қалай баптап күту қажет?


Бұтағынан қондыру

Егер теңге гүлін сатып алмай, қолдан отырғызатын болса, гүл сол қондырған адамның энергетикасын сезініп әрі өз егесінің қаржылық жағдайын көтереді деген сенім бар. Сондықтан да гүлді әркім өз қолымен көшеттеп отырғызған жөн. Бұл үшін үлкен теңге гүлінен кішкене сындырып алуға болады. Кесіп алған өскін 5-6 см ұзындықта болғаны дұрыс.


Гүлді қондырудың негізгі тәсілдері

  1. Өскінді су құйылған стақанға салып, тамырлатып аламыз. Тамыр шыққан соң, топырақ салынған құмыраға көшіріп отырғызамыз.
  2. Кесіп алынған өскінді 5-7 күнге құрғақ жерге қоямыз, сол аралықта кесілген жер құрғайды. Осыдан кейін өскінді алып, сулы, құм салынған стақанға қондырамыз. Тамыр шығарған соң құмыраға ауыстырып аламыз.
  3. Кескен өскінді бірден ылғал топыраққа отырғызып, бетін пластик стақанмен жауып қою керек. Мұндай кіші жылыжай өскіннің тез тамырлауына көмектеседі. Су құйған кезде стақанды алу міндетті емес, ал алғашқы жапыақ ашқанда стақанды мүлде алып тастау керек.
  4. Үлкен теңге ағашын кішкентай бір жапырақтан-ақ өсіруге болады. Мұндай жағдайда жұлып алынғын жапырақ жақсылап кептіріледі және сіріңке талының көмегімен ылғалды топыраққа қондырылады.
  5. Кез-келген қондыру жағдайында суды аз-аздан шамалап құю қажет. Дұрысы, бүріккішті пайдаланған жөн.


Топырағын қалай таңдау керек?

  • Теңге гүлі құмды топырақты ұнатады. Кактус гүліне арналған топырақта өте жақсы өседі.
  • Өзге бөлме гүлдеріне арналған топыраққа да қондыруға болады. Алайда мұндай жағдайда топыраққа аздаған таза құм салу керек.
  • Гүл отырғызатын құмыраның түбінен ұсақ тесіктер жасап, ең астына кішігірім тастар тастау қажет. Бұл құйылған су мөлшерін қалыпты ұстап тұруға жәрдем береді.
  • Қондыратын құмыра да дұрыс таңдалуы қажет. Ол үшін енді өсіп келе жатқан гүлге үлкен, терең емес, бірақ жалпақ құмыра таңдау керек. Қыш құмырада қалай өссе пластикалықыдыста да солай өседі.
  • Теңге гүлін өсіру үшін жыл мезгілі таңдалмайды, яғни кез-келген уақытта өсіре беруге болады.
  • Қыста гүлді айына бір-ақ рет суғару ұсынылады. Себебі, теңге гүлі көп ылғалды ұнатпайды. Жазда аптасына екі рет 2 рет суғару қажет.
  • Теңге гүлі тікелей түскен күн көзін ұнатпайды, бірақ жарықты жақсы көреді. Сондықтан бөлменің жарық молынан түсетін жеріне қою қажет.
  • Гүл қондырған ыдысты аптасына бір мәрте айналдырып отыру керек. Сонда түзу әрі әдемі болып өседі.
  • Айына бір рет қана тыңайтқыш берген дұрыс. Одан жиі емес.
  • Теңге гүлі бір орында тұрғанды ұнатады. Сондықтан ары-бері орын ауыстыра берудің қажеті жоқ.
  • Күтімі жақсы болса теңге ағашының гүлдейтінін көпшілік біле бермейді екен.Көбіне белсенді түрде өсіп жатқан уақытында гүлдейді.
  • Теңге гүлі ауаны тазартатын ерекше заттар бөледі. Ондағы биологиялық белсенді заттар үй-ішіндегі жағымсыз микрофлораны төмендетеді. Өсімдік адам ағзасының психикалық және физикалық шаршағанын басады және жұқпалы ауруларға қарсы белсендіреді.
  • Үй ішінің амандығы үшін және ақша шақырсын деген сеніммен егетін болсаңыз, тек өз қолыңызбен тамырлатып, өз қолыңызбен өсірген дұрыс.

Фен-шуй ілімі не дейді?


Құмыраның түбіне міндетті түрде тиын салу керек. Тиын алты дана болғаны дұрыс.


Құмыра астындағы тәрелкеге үш тиын салу керек.

Гүл қондыратын құмыра қоңыр, қара, қызыл немесе алтын түстес түсте болғаны дұрыс.

Бөлме ішіндегі ең оңтайлы орын - оңтүстік шығыс жақ.

Теңге гүлін сәрсенбі күні суғарған жөн. Суды бір күн бұрын тиын салып тұндырып қойсаңыз тіпті дұрыс.

Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Қыста ылғал киімді қазанға салып кептіріп алуға болады.


Темекінің иісінен құтылудың оңай жолдары.