Темекінің иісінен құтылудың оңай жолдары

0
6 290

Ең жақсы көмектесетіні - ас содасы мен кофе.


Темекінің иісінен құтылудың оңай жолдары

Қазақ әрқашанда қонақжай халықпыз ғой. Дей тұрғанмен қонақтар кеткен соң жиналып, тау боп үйілетін ыдыс-аяқты жуумен қатар, үй ішіне сіңген шегілген темекінің иісін де кетіру біршама уақытты алып, жұмысты көбейте түсетіні сөзсіз.

Әсіресе қазіргідей қысқы ауа-райында есік-терезені ұзақ ашып қоюға да болмайды, шылымқұмар қонақтарды күннің суығында далаға шығаруға тағы ыңғайсыз (мәдениетті жандар ыңғайсыздық тудыратынын өздері біліп сыртқа шығулары тиіс, әдетте...). Темекінің сіңген түтінінен оңайлықпен құтыла да алмайсыз. Сонымен бірге темекінің бүкіл айғағы, темекі тұқылы немесе күлсалғыш секілді заттарды бөлмеден шығарып тастағанмен киім мен бөлмедегі кез келген затта исі сіңіп қалып қояды. Мұндай жағдайға тап болсаңыз, төмендегідей қарапайым, бірақ әсер беретін әдістерді біле жүруге кеңес береміз.


Бөлмедегі қатты заттарды темекі иісінен арылту

  • Ас содасы мен сіркесудан жасалған қоспа: 3 литр ыстық суға 1стақан сіркесу және жарты стақан ас содасы. Барлық қоспаларды жақсылап араластырып,алынған құраммен заттардың бетін өңдеп, яғни сүртіп-тазалау керек.
  • Ас содасы. Кілем мен жұмсақ жиһаздағы сіңгениісті өте жақсы кетіреді. Керекті жерлерге құрғақтай сеуіп, бір тәуліктен соң қағып немесе шаңсорғышпен тазартып алу керек.
  • Жұмсақ жиһаз бен кілемді тазартуға арналған сусабын және өзге де тазарту құралдары. Тек мұндай сусабындармен жуып тазартудан кейін заттарды жақсылап кептіру керек.


Жамылғылар мен жұмсақ дивандарды тазарту

Иіс сіңген жеңіл жамылғыны бірден жуып тастаңыз. Ал өзгелерін жақсылап желдетіп алу қажет.


Бөлме ішінің ауасын тазарту жолдары:

  • Желдету;
  • Салқындатқышты пайдалану;
  • Сулы түкті сүлгі. Әдемі исі бар сусабын араласқан суға малып, қатты сығып бөлменің екі-үш жеріне іліп қою керек. Шамалы уақыттан соң иіс кете бастайды. Ал егер иісті әлі де сезіп тұрған болсаңыз, сүлгіні тағы да сулап әдісті қайталап жіберу қажет.
  • Күріш, ұнтақталған кофе және белсендіргіш көмір (активированный уголь). Бұларды жалпақ тәрелкеге салып, бөлменің ішіндегі ыңғайлы орындарға қою қажет.


Бөлмедегі темекі иісін аз уақытта жоюдың жолдары

Жоғарыда келтірілген әдістердің барлығы шамалы уақытты қажет етеді. Ал кейде уақыт өте тығыз, тез арада иістен құтылу керек кездер болады. Ондайда:

  • Ауа сергітуші. Темекі иісін басатын арнайы ауа сергіткіш құрал.
  • Хош иісті балауыз шам.
  • Цитрусты жемістердің үгіндісі (лимон, мандарин, апельсин);
  • Даршын (корица). Даршынның 3-4 талын алып, қайнаған суға салу керек немесе пешке салып, аузын ашық қалдырып қойып қаттырақ қыздыру қажет.

Мұндай амалдар түтін иісін тез жойғанмен, негізгі жақсы нәтижені үй ішіне жасалған ылғалды жинау көрсетіп тұр. Сондықтан ерінбей кішкене артық қимылдап үй ішін жинап, сүртіп шықсаңыз таза ауа мен таза ортада отыратын боласыз!

Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Қыста ылғал киімді қазанға салып кептіріп алуға болады.


Су болған аяқкиімді КҮРІШ пен ТҰЗ әп-сәтте кептіріп береді