ҰЙЫҚТАЙ АЛМАЙ жүрсіз бе? Матрасты ауыстырыңыз

0
3 014

Әр матрастың түрінің артықшылығы мен кемшілігі бар.


ҰЙЫҚТАЙ АЛМАЙ жүрсіз бе? Матрасты ауыстырыңыз

Бұрын матрастың танымал екі түрі: серіппелі және поролон, мақта салынған болған. Ал қазіргі кезде матрастың түрі өте көп. Жайлылық үшін тек ішіндегі толтырма мен көлемін таңдай білсеңіз болды. Төменнен матрастың түрлері және сатып алған кезде басты назарды неге аудару керектігі жайлы қажетті кеңестерді оқи аласыздар.


Серіппелі матрас

Серіппелі матрастарда құм сағат немесе бөшке тәрізді болат серіппе болады. Серіппенің диаметрі 2 ден 6см-ге дейін болады. Диаметр кішкентай болған сайын серіппе саны көп бола түседі. Серіппенің бұрама айналмасы 4 тен 8-ге дейін жетеді. Айналма саны аз болған сайын матрас қатты болады.

Өндірушілерге байланысты бір матрастың ішінде әртүрлі серіппе болуы мүмкін. Матрастың бас қоятын бөлігінде айналмасы көп диаметрі 2см-лік көп, ал жамбас бөлігінде айналмасы аз 6 диаметрлік азғана серіппелер болуы мүмкін.

Серіппелі матрастар бір -бірінен серіппенің саны мен темірінің қалыңдығына қарай бөлінеді.Серіппе саны көп болған сайын матрастың қызмет ету уақыты ұзарады.


«Боннель» серіппелі матрас

Мұндай серіппелі матрастың өзгелерінен айырмасы – серіппелердің бір-біріне байлануы. Мұндай матрасқа тығыздығы жоғары серіппе пайдаланылады және олар үлкен салмақ түскенде бір-біріне айқаспайтындай етіп орналастырылады. Матрас қатты және мықты келеді, серіппелер арасынан ауа еркін өтеді. Сондықтан мұндай матрасқа жатқанда ыстықтамайсыз. Матрас көп ретте салмағы 110 келіден жоғары жандарға арналған. 180 келі салмақ түсіп тұрған кезде 5-7 жыл қызмет етеді.

Кемшілігі: Салмақ қай жерге көбірек түссе, сол жер тез өзінің бастапқы қалпын жоғалтады. Бас пен аяқ жаққа қарағанда бел жақ төмен түсіп, біршама уақыттан соң жату ыңғайсыздық тудырады және салмақ көп түскен сайын сықырлайтын болады.

«Боннель» серіппелі матрасының бағасы өзгелерге қарағанда арзан жүреді. Бір-біріне байланған серіппелі матрас батуттың әсерін береді. Сондықтан ол көбіне балаларға қатты ұнайды.


Серіппесіз матрас

Мұндай матрастың іші бірнеше толықтырғыш қосындылары салынады. Мысалы, латекс, какос талшығы, пенополиуретан салынады. Бұл толықтырғыштың бірі матрастың негізі болса, бірі қатты болуы үшін салынады.

Серіппесіз матрастар көп ретте жаңа туған нәрестелер үшін жақсы.


Екі бетті матрас

Бұл матрас түрі серіппелі және толықтырғышпен болады. Мұндай матрас жұмсақ пен қаттыны жиі ауыстыратын жандарға жақсы. Қалаған жағын ауыстырып қоя беруге болады.

Екі бетті матрасты көп ретте балаларға алады. Қатты бетін бала екі жастан асқанға дейін пайдаланса, ары қарай жұмсақ жағын қоюға болады.


Қай матрас жақсы: серіппелі немесе толықтырғышы бар

Бұған бір жақты нақты жауап табу қиын. Әр матрастың түрінің артықшылығы мен кемшілігі бар.

Серіппелі матрастан серіппелері бір-бірінен бөлек орналасқанын таңдаған жөн. Мұндай матрас заманға сай және дене бітіміне ыңғайлы келеді. Алайда бағасы шамалы қымбат жүреді. Сондай-ақ ауыр болғандықтан ары-бері алып жүру қиындық тудырады.

Серіппесіз матрас – бұл негізінен денені ішіндегі толықтырғышқа қарай ұстайды. Қазіргі түрлері омыртқаны дұрыс ұстауға арналып жасалған. Серіппелі матрасқа қарағанда жұқа келеді, орап жинауға да болады. Демек бір-жерден екінші жерге көшіру, алып жүру қиындық туғызбайды.

Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз: Жеміс ағаштарын зиянкестер жайласа пияз қабығын пайдаланыңыз