ҰН БИТТІ КЕТІРЕДІ және ЖАСАРТАДЫ

0
2 807

Ұнды үй-тұрмыста пайдаланудың БІРНЕШЕ тәсілдері


 ҰН БИТТІ КЕТІРЕДІ және ЖАСАРТАДЫ

Ұнды тек қана ас үйде емес, тұрмыста өзге де жағдайларға пайдалануға болады. Өмірлік қажет азықты тұрмыста пайдалану туралы төмендегі кеңестер кез-келген жанға қажет болуы мүмкін.


Саңырауқұлақты тазарту

Алда саңырауқұлақ маусымы келе жатыр. Саңырауқұлақты сумен емес ұнмен де тазартуға болады және бұл өте ыңғайлы. Негізі суға салған соң саңырауқұлақ бойына су тартып алады. Саңырауқұлақ су татып дәмін жоғалтпау үшін оны ұнмен тазартқан жөн. Ыдысқа салынған саңырауқұлақтың үстіне 4-5 ас қасық ұн салып, оның бетін жауып қатты шайқау керек. Ұн саңырауқұлаққа толықтай жағылып сіңгені жөн. Артынан оларды қағаз сулықпен тазартып алу қажет. Ұн қажағыш (абразив) ретінде әсер етеді. Егер саңырауқұлақтың түп жағында кішкене топырақ болса онда оны пышақпен мұқият кесіп алған жөн. Ал егер саңырауқұлақта кішкене ұн қалып қойса, ол түк те етпейді. Қайта қуырған кезде ерекше дәм береді.


Бітегіш, тегістегіш ретінде пайдалану

Кейде қатты зат тиіп қабырғадағы сылақты түсіріп жатады немесе шегені дұрыс қақпай орнын бекіту қажет болады. Бірақ оны бекіту үшін арнайы бітегіш, тегістегіш сатып алудың қажеті жоқ. Оның орнына бірнеше қасық ұн болса жеткілікті. Бекітетін жерге шамалап ұн алу керек (үлкен болса 2-3 ас қасық, кішкентай болса 1-2 шай қасық та жетеді). Егер 2 шай қасық ұн алсаңыз онда оған жарты шай қасық тұз салып, су қосып араластырып қамыр илейміз. Сол қамырмен қажетті жерді бекітеміз. Сылақпен бірдей болып кетуі үшін дымқыл майлықпен ысқылай отырып сүртіп алу керек.


Жасартуға арналған маска

Ұннның кез-келген сұрыпымен үйде бет терісін тартатын және тазартатын масканы үйде жасауға болады. Ұнның құрамындағы табиғи дәрумендер жиынтығы бетті майлы жылтырдан арылтады, ұсақ әжімдердің тегістелуіне әсер етеді. Ұнннан жасалатын масканың түрлі жолдары бар, бірақ басты назарға алынатын жайт:

  • Құрғақ тері үшін - күріш немесе сұлы ұны
  • Майлы тері үшін – бидай ұны
  • Мәселелі тері үшін – асбұршақ ұны
  • Солғын тартқан тері үшін – қарабидай ұны
  • Терідегі ұсақ тесіктерді тазарту үшін – зығырот (льняная) ұны
  • Пилинг үшін – жүгері ұны жақсы


Кірлеген шашты тазарту

Қазіргі кезде құрғақ сусабын, асығыс кезде жиі қолданылады. Ол терідегі артық кірді сіңіріп, шашқа жуылған секілді әсер береді. Бірақ оны үнемі пайдаланбаған соң кейде қолда болмай қалады. Ондай кезде ас үйдегі ұн көмектеседі. Ол үшін аз ғана мөлшердегі ұнды шаштың түбіне жағып, ұшынан ұстап ақырын сілкілеу қажет. Басты төменге қаратып шашты тарау қажет. Шаш майланбай жуылған секілді көрінеді. Бұл тәсілдің жалғыз кемшілігі – қара шаштан ұн шамалы көрініп қалуы мүмкін. Ал шашы ашық түстілерге қорықпауға болады.


Желім орнына пайдалану

Желімдесең қайта ашылып кететін дүкендегі желімнен ұннан жасалғаны әлдеқайда пайдалы және зиянсыз. Желім жасау үшін ең дұрысы бидай ұны.Оның құрамында жабысқыш заттар көп. Желім жасау үшін:

  • 1 стақан ұн
  • 3 стақан су
  • 1шым-шым тұз

Осы қоспаларды баяу отта үздіксіз қозғай отырып 10 минут қайнату керек. Сол уақыт ішінде қоспа қоюланады. Суыған соң пайдалана беруге болады.


Ермексаз жасау

Қазіргі кездегі түрл-түсті заттардың құрамында химиялық бояуы көп деген қорқынышпен балаға ұстата беруге қорқамыз. Сондай заттың бірі ермексаз. Мұны әсіресе кішкентай балаларға ұстату қорқынышты. Ермексазды үйде ұннан жасап алуға болады.Бұл ең біріншіден бала денсаулығы үшін жақсы, екіншіден үй тазалығына да қажет. Қолдан жасалған ермексаз жабысқан жерінен, әсіресе кілем секілді төсеніштерден оңай алынады. Ермексаз жасау үшін 1 стақан ұн, 1 стақан салқын су және 2 ас қасық тұз салып жақсылап араластырып, қамыр илеп аламыз. Қамырды жабық ыдысқа сақтау керек. Ермексазды түрлі түске бояу үшін:

  • Қызылша шырыны – қызыл
  • Каркаде тұнбасы – көкшіл
  • Шпинат – жасыл
  • Сәбіз – қызылсары
  • Қызылқауданды қырыққабат – көк
  • Таңқурай – алқызыл


Үйдегі құмырсқадан құтқарады

Құмырсқадан құтылу үшін түрлі химиялық құралдар, дәрілер пайдаланылып жатады. Бірақ көпшілігіміз олардың улы әсерінен қорқамыз, әсіресе кішкентай балалары бар үйлер. Жүгері ұнының жәндіктерден қорғайтын әсері барын біреу білсе, біреу білмес. Жүгері ұнын құмырсқалар үймелеген жерге сеуіп қойсаңыз жеткілікті.


Өсімдікті басқан битке ұн әсер етеді

Өсімдік биті жас жапырақтар мен гүл түйнектерін жеп қояды. Егер өсімдікті түгелдей бит басып кетсе, онда ол өсуін тоқтатады, гүлдемейді, тіпті өліп қалуы да мүмкін. Ондай кезде бит басқан жерге ұн себу қажет. Ұн жәндікті өзіне тартып олар жаймен өле бастайды. Екі үш күннен кейін жәндіктердің қалдықтарымен бірге ұнды тазартып алу керек. Ұнды тым қалың себудің қажеті жоқ. Өсімдіктің сабақтары көтере алмай сынып кетуі мүмкін.


Ыдыс-аяқ жуатын шұңғылшаны тазарту

Бұл жерде ұн майды тазартатын жұмсақ қырғыштың жұмысын атқарады. Кейде шұңғылдағы майлар ыдыс жуатын сұйықтықтың көмегімен кетпей жатады. Ал оған шамалы ұн сеуіп сүртіп алатын болсаңыз шұңғылша жалтырап шыға келеді. Бірақ ұнды аз ғана мөлшерде пайдалану керек, олай болмағанда су кететін құбырлар толып қалуы мүмкін.


Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз: Бадам жаңғағын үйде де өсіруге болады