Бадам жаңғағын үйде де өсіруге болады

0
3 300

Ғалымдар бадам ағашының табиғаттың қатал мінезіне төтеп беретін сұрыптарын сынақтан өткізуде.


Бадам жаңғағын үйде де өсіруге болады

Бадам жемісі алғаш Орта Азия мен Солтүстік Африка елдерінен табылған. Ал қазіргі кезде бұл жемісті Ауғанстан, Иран, Калифорния және тағы да басқа жазы ұзақ, қысы жұмсақ көптеген елдерде өсіріледі. Бадам жемісін өсіруге Қазақстанның ауа-райы да қолайлы. Ол құрғақшылыққа бейім келеді. Сондай-ақ қазіргі кезде ғалымдар бадам ағашының табиғаттың қатал мінезіне төтеп беретін сұрыптарын сынақтан өткізуде.


Бадам жемісінің өсуі

Жақсы топырақта, ауа-райы қолайлы жерде өскен бадам жемісі 90 жылға дейін өсе берді. Ол өте жылдам өсіп, дамиды. Дәнінен шыққан жемістің өзі 4жылдан кейін алғашқы өнімін бере бастайды.

Бадам жемісі 12 жылға қарай мол өнім береді. Егер күтімінде бәрі жақсы болса онда онда ол 50жыл бойы өте жақсы өнім беріп тұра алады.

4 жылдан ары қарай өсімдіктің бойы 5 -12 метр аралығында өседі. Жеміс ағашының ұшар басы цилиндр тәріздес болып келеді. Ал тамыры тереңге жайылып өседі.


Гүлдеуі және өнім беретін кезеңі

Бадам жемісі ерте көктемде гүлдейді. Гүлі үлкен және нәзік алқызыл түсте болады. Тозаңданудан кейін түйін байлап, 45-50 күннен кейін пісіп жетіледі. Жеміс толық піскенше ағашта жас өскіндер өсе береді. Қазан айынан бастап тыныштық кезеңі басталып, жапырақтары түседі.


Дәннен шыққан көшет

Жабайы табиғатта бадам жемісі дәні арқылы көбейеді. Негізі дәннен өсіру ұзақ уақыт алады. Ол үшін тек жас, қараймаған, шірігі жоқ дән қажет.


Дәннен өсіру жолы

  • Көктемде дәнді міндеттітүрде өсуді ынталандырғышқа салып 8 сағатқа жібітіп қою керек.Тек содан кейін ғана егуге болады.
  • Егер бадам жемісінің бірнешеуін егетін болсаңыз онда олардың арасы 50см-ден кем болмауы керек.Дәнді 10см тереңдікке егу қажет.
  • Бадам жемісі үсікке шыдайды, бірақ температураның бірден өзгеруін көтере алмайды. Сондықтан көшет алғанда тыныштық кезеңінде ұзақ жататын сұрыпын таңдаған жөн.
  • Ірі бадам ағашы түбіндегі топырақтың беті толық кепкен соң суғарылады.
  • Александр – оңтүстік өңірлерге арналған
  • Десертный – барлық өңірлерде өсе береді
  • Бадам жемісі мөлшермен, топырағы құрғаған соң суғарылады. Әр көшетке 1 шелек су болса жеткілікті.
  • Жеміс әбден кепкен кезде жиналады.

Дәнннен егілген жемістің күтімі қарапайым – уақтылы суғару, армшөптерден тазарту, топырағын қопсытып, тыңайтқыштар беру. Бұта 45см-ге жеткенде оның қатты ербиіп өсіп тұрған өскіндерін қырқып тастаған жөн.

МАҢЫЗДЫ: Күзгі мезгілде бадам жемісінің дәнін ашық топыраққа егуге болмайды. Дәнді кеміргіштер жеп қоюы мүмкін.


Бақшаға егудің ерекшеліктері

- Гүлдеген соң әрдайым бұтақтары мен артық өскіндерді қырқып отыру керек.

- Көшет егетін жер ашық және күн көзі мол түсетін жер болғаны жөн.

- Егер көшетті басқа орынға ауыстыру керек болса, онда оны қараша айында жасау керек. Сол кезеңде ағаштың бар жапырағы толық түсіп болады.

- Бадам жемісі үшін борпылдақ, ауа өткізетін топырақ қажет.


Бадам жемісінің сұрыптары:

- Боспор – барлық өңірлерде өсе береді

- Витязь – барлық өңірлерде өсе береді

- Милас – барлық өңірлерде өсе береді


Бадам көшетін отырғызу

Негізінен бадам көшетін күзгі мезгілде еккен дұрыс. Ал көктемде еккен көшет аса көп күтімді қажет етеді. Бадам жемісін еккен кезде бірден әртүрлі сұрыптан бір-бір данадан 3-4-еуін отырғызған жөн. Бір ғана жеміс егіп ол өнбей қалса көңіліңіз қалмайды.

Жеміс егетін шұңқырдың тереңдігі шамамен 60см, ал ені 50 см болғаны жөн. Әр көшеттің арасы 3метрден кем болмауы тиіс. Шұңқырдың түбіне дренаж тастау керек, оның бетіне 8см қалыңдықта өзен құмын салыңыз. Оның бетінен 1 келі ескі көңге 1ас қасық нитроаммофоски қосып араластырып салу керек. Содан кейін көшетті отырғызып, топырақпен тыңыздаңыз. Егіп болған соң 1 шелек су құйыңыз. Су құйған соң көшеттің түбіне 2см қалыңдықта қарашірік тастап қою қажет.


Күтімі

- Жемісті ете көктемде 1ас қасық нитроаммофоскимен, гүлдеген уақытында 1 шай қасық калий сульфатымен және түйіндеген кезде 250г ағаш күлімен қоректендіру қажет.

- Наурыз айында ағаштың құрғақ бұталарын кесіп, артық өскіндерді қырқып тастау керек. Егер ерте көктемде қырқуды жүрргізе алмасаңыз, онда г.лдеп болған кезде жасау керек. Кесілген жерді бақ нұмымен өңдеу керек.


Бадам жемісінің ауруы

Жемісті өбіне сұр шірік басады және біте басады. Бұлардан құтылуға дүкендерде сатылатын арнайы дәрілер көмектеседі. Егер ағаш үлкен болмаса, онда ауырған кезде оған төмендегідей көмек көрсетуге болады:

1 шелек суға 50гр кір сабын, 5-6гр ащы бұрыш, 0,5кг құрғақ жусан салып 24 сағат тұндырып қою керек. Сүзіп ағашқа шашады.

Керек кеңес қажеттеріңізге жарасын!


Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз: ДРАЦЕНА жапырақтары түсе бастаса ЖЫЛЫ СУМЕН шомылдырыңыз