1-7 қазан: астролог өміріңізде орын алатын басты 3 жағдайды айтты

0
3 929

Бұл үш жағдай аптаның кез-келген күнінде келуі ықтимал. Астрологтың сіз жайлы не болжағанын білгіңіз келсе, бұл жұлдызнаманы аттап өтпеңіз.


1-7 қазан: астролог өміріңізде орын алатын басты 3 жағдайды айтты

иллюстрациялық фото: ehonami.blob.core.windows.net

Тоқты

  1. Бойыңызда ұйықтап жатқан «саяхатшы» оянып, түрлі сапарлар мен қызықтарға қарай тартады. Соңынан ерсеңіз, көптеген пайдалы нәрселерге қол жеткізіп, пайдалы ақпараттарға қанығасыз.
  2. Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Әсіесе, ағзаңыздың буын мен сүйек бөліктеріне қауіп төну мүмкіндігі жоғары.
  3. Сауда-саттық үшін сәтті апта. Көптен көздеп жүрген көлемді затыңыз болса, оны осы аптада сатып алыңыз.


Торпақ

  1. Көптен көксеген арманыңызға қол созуға осы аптада батылдығыңыз бек жетеді.
  2. Жеке өмірде өзгелердің сөзіне мән бермей, жүрегіңізді тыңдасаңыз, сүйіктіңізбен арақатынас жақындай түседі.
  3. Бұл күндері ағзаңыз аздап аялдап, тынығуды қажет етеді. Массаж, косметолог немесе спа-салонының қызметіне жүгінсеңіз, жоғалған қуат орнын қайта толтырып аласыз.


Егіздер

  1. Қызмет барысында мойныңызға маңызды міндеттер артасыз және олардың барлығы жетістікпен аяқталады.
  2. Күтпеген ақпарат пен аяқ асты қабылданған шешімдер жетегінде кетпей, алдын-ала құрылған жоспармен жүрсеңіз, көпеген игіліктерге қол жеткізесіз.
  3. Бұл жеті сіз үшін жаңа сезімдердің бүршік ататын аптасы. Сондықтан, көп уақытыңызды сүйіктіңізге, егер әлі кезіктірмеген болсаңыз, оны іздеуге арнаңыз.


Шаян

  1. Бойыңызда көптен бері бұғып жатқан қуаттың көзі ашылып, жаңа биіктерді бағындыруға жетелейді. Батыл болсаңыз, ойға алған шыңдарды міндетті түрде бағындырасыз.
  2. Өз-өзіңізге қатал сын көзбен қарап, сенімділік атты сезімге селкеу түсуі мүмкін. Әйткенмен, мұның бекер екенін, бәрін дұрыс жасап жатқаныңызды естен шығармаңыз.
  3. Біреу көмек сұрайды, біреу кеңес сұрайды... Солайша қызықты оқиғалардың ортасына тап боласыз. Бірақ, өзгелерге көмектесемін деп жүріп өзіңізді құрбан етіп алмаңыз.


Арыстан

  1. Батыл әрекеттерге барыңыз, сол арқылы сізді мойындамай жүргендердің құрметіне ие боласыз. Көпшіліктің назары сізге ауып, бәсекелестердің қызғанышы арта түседі.
  2. Жеке өмірде де жасқаншақтық танытпаңыз, өйткені, махаббаттағы сәттілік жебесі сіздің қолыңызда.
  3. Демалыс күндері бір кездері ренжіскен жанмен татуласу мүмкіндігі мол, құр жіберіп алмаңыз.


Бикеш

  1. Жіберген қателіктерден сабақ алып, жетістіктерге марқаятын кез. Бір сөзбен айтқанда, талдау-саралау аптасы болғалы тұр.
  2. Қаржылық және құжаттарға қатысты сұрақтарды шешуге ең оңтайлы апта, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
  3. Сақ болыңыз, бұл аптада бәсекелестеріңіз де белсенді.


Таразы

  1. Отбасы мен үйге қатысты шаруалар оңтайлы шешіліп, жеке өмірде жолыңыз болатын апта.
  2. Күтпеген, жоспарланбаған шығындар біршама шығыс шығаруға себеп болады.
  3. Аяқ асты шешім қабылдап, эмоция жетегінде әрекет етуден сақ болыңыз. Мұның соңы жақсылық әкелмеуі мүмкін.


Сарышаян

  1. Мансап баспалдағында жоғары көтерілуіңізге жол ашатын бірқатар шаруалар бар. Оларды шешуді осы аптада қолға алсаңыз, жемісті де жеңісті болады.
  2. Қолыңызға қомақты қаржы түседі. Бірақ оны жұмсауға не қандай да бір салым салуға асықпаңыз.
  3. Жан-дүниеңіз рухани азықты қажет етеді. Кітап оқыңыз, танымдық фильмдер қараңыз немесе адамдармен көбірек араласып, әңгіме-дүкен құрыңыз.


Мерген

  1. Бұл аптада айыңыз оңынан туып, біршама табыстарға кенелесіз. Бұл жеке өмірге де, жұмыс барысына да қатысты.
  2. Мансабыңыз жоғарылауы мүмкін, сондықтан, барынша ұқыпты әрі табанды қызмет етіп, өзіңізді жақсы жағынан көрсетіңіз.
  3. Кәсіби біліктілігіңізді арттыру ойыңызда болса, бұл іске осы аптада кірісіңіз. Айталық, семинар, тренингтерге қатысып, жаңа білім алыңыз.


Тауешкі

  1. Бұл аптадағы күндеріңіз «үй-жұмыс-үй» схемасы аясында өтеді. Достармен бас қосып, көңіл көтеру, тынығуға мүмкіндік аз.
  2. Әйткенмен, мүмкіндік тауып, ой мен бой сергітуге тырысыңыз. Өйткені, қызметтегі жетістігіңіз сергектігіңізге тікелей байланысты болмақ.
  3. Жұлдыздар бұл аптада лотерея билетін сатып алып, ойнауға кеңес береді. Ұтысқа ие болу мүмкіндігі жоғары.


Суқұйғыш

  1. Өзгерістер үшін оңтайлы апта. Сондықтан, оны өз өміріңіздегі ұнамсыз нәрселерді өзгертуге уәде беруден бастаңыз. Бұл сіздің қолыңыздан келеді.
  2. Жаңа жобаны қолға алсаңыз, оны жүзеге асыру үшін бойыңыздағы бар қуатты, білім мен тәжірибені сарп етуге тура келеді.
  3. Жеке өмірде бақытты сәттер күтіп тұр: отбасын құрған Суқұйғыштардың өмірінде түсіністік пен махаббат орын алса, жалғызбастылар екінші жартысын жолықтырады.


Балықтар

  1. Бұл жетіде жұлдыздар сізге «жұмсақ» қарайды, нәтижесінде табысқа кенелесіз.
  2. Қаржылық жағдайыңыз әдеттегіден жақсы, сондықтан, көңіліңіз сауда-саттық жасауды қаласа, өзіңізге тыйым салмаңыз.
  3. Бойыңызда көп байқала бермейтін эгоизм оянады. Бұл жақсы да. Осы сәтті пайдаланып, сізге құрмет көрсетпей жүрген көп адамның өзіңізге қатысты қарым-қатынасын дұрыстап қойыңыз.

Оқи отырыңыз, өткен апта жорамалы өміріңізбен сәйкес келді ме?

24-30 қыркүйек: жұлдыздар неден сақтандырады?

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет