​24-30 қыркүйек: жұлдыздар неден сақтандырады?

0
3 477

Өмір жолы ақ пен қара жолақтардан тұратыны белгілі. Бұл апта да ол заңдылықтан тысқары қалмайды. Сәттілік пен жақсылықтарымен қатар, сақтану қажет жағдайлар да болары хақ. Сіздің өміріңізде де. Ал, жұлдыздардың ескертпесін ескере жүрсеңіз, «сақтанғанды сақтайды» деген сөздің дұрыстығына көз жеткізесіз.


​24-30 қыркүйек: жұлдыздар неден сақтандырады?

фото: rasfokus.ru

Тоқты

Апта бойы қызмет барысында барлық нәрсеге сақтықпен, байыппен қараңыз. Асығыстыққа бой алдырмаңыз. Отбасылық бюджетті басқаруда, жанұяңыздың қажеттіліктеріне қатысты сауда-саттық жасауда жолыңыз болады. Денсаулығыңызға, бастық не ақшаның аздығына шағым айтуды доғарсаңыз, жеке өміріңізде де тыныштық пен махаббат орнайды. Бұл тақырыптарға қатысты наразылығыңызды басқаларға да білдірмегеніңіз жөн. Тым болмағанда, осы аптада. Демалыс күндері екпініңізді басып, өзіңізге жайлы да жайбарақат тынығу сыйлаңыз.


Торпақ

Бұл аптаны тыныштықпен өткізгіңіз келеді. Әйткенмен, өмір мен бастығыңыздың жоспары басқа. Қызмет орныңызда күтпеген немесе өзгеше жаңа тапсырма аласыз. Жеке өмірде де кішігірім тосынсый күтіп тұр. Демалыс күндері қарбалас өтеді. Дегенмен, тынығу, сүйікті ісіңізбен айналысу үшін уақыт табуға тырысыңыз.


Егіздер

Бұл аптада өзіңізді жаңашылдық, тапқырлық сынды қырларыңыздан танытасыз. Әдеттегіден әлдеқайда көп іс тындыруға энергияңыз жетеді. Тек, жұмыс орнында жоғары сатыдағылармен, басшылармен пікір таластыра көрмеңіз. Сізді дұрыс түсінбеулері бек мүмкін. Жеке өмір мен махаббатта сәттілік күтіп тұр. Оны құр жібермей, сүйіктіңізбен кездесу не қыдыру кешін ұйымдастырыңыз.


Шаян

Аздап аялдаңыз, айналаңызға қараңыз. Жұмыстан бас алмай, шаруаның басым көпшілігін атқарып жүрген сіз ғана емессіз бе? Егер солай екенін байқасаңыз, бұлай жалғастыра беруге болмайтынын түсінуге тиіссіз. Міндеттеріңізді өзгелермен бөлісіңіз. Ұсақ-түйекке мән беріп, не болса соған жүйкеңізді жұқартпаңыз. Сонда аптаны көңілді өткізесіз әрі көптеген сәттілікті уысыңызда ұстап қаласыз.


Арыстан

Қауырт істерге толы, әйткенмен, жайлы апта болмақ. Көңіл-күйіңіз көтеріңкі, жаңа идеяларыңыз көп. Ең бастысы, жақындарыңыз бен әріптестеріңіз сізге сеніп, барлық бастамада соңыңыздан ереді. Маңызды шаруаларды шешуде кез келген мүмкіндікті құр жібермеуге тырысыңыз. Демалыс күндерін отбасыңызға арнап, уақытты бірге өткізіңіздер. Серуенге шығыңыз, отбасылық фильмдер қараңыз. Егер, жалғызбасты болсаңыз, осы аптада өмірлік серік іздеуде белсенді болыңыз.


Бикеш

Отбасыңызда қандай да бір нәрсені өзгертетін уақыт жеткенін сезіп жүрсіз. Ендеше, іске көшіңіз. Осы аптада қабылдаған шешімдеріңіз оң нәтижеге жеткізеді. Сондықтан, жақындарыңызбен бірге отырып, бүгінгі өмірді талқылаңыздар, болашаққа жоспар құрыңыздар. Олар сізді қолдайды. Қызмет орныңызда да сәттілік серігіңізге айналады. Қандай да бір мәселе туа қалса, оны шешуде мансап сатысында сізден биік тұрған, сізді үнемі қолдайтын, бағалайтын тұлғалардың көмегіне арқа сүйеңіз.


Таразы

Осы аптада жұмысты жақсылап қолға алсаңыз, жетістікке жеткелі тұрсыз. Бұл күндері бастаған барлық ісіңіз табысты болады. Тіпті, біреумен бәстессеңіз де, ұтыс сіздің қалтаңызға түседі. Бұл сәттілік жеке өміріңізді де айналып өтпейді. Әйткенмен, мойныңызға артылған міндеттерді жеке өмірдегі кездесулерден жоғары қойыңыз. Алдымен тиісті міндеттеріңізді орындаңыз, содан соң барып көңіл толқынында толқуыңызға болады.


Сарышаян

Бұл күндері жүйкеңіз жұқарып, сары уайымға салынатын сәттеріңіз көп болады. Ондай сәттерде көбірек армандап, өткен күннің тәтті естеліктеріне шомуға тырысыңыз. Бір жақсысы, осыған дейін шешілмей келе жатқан күрмеулі мәселенің шешімі осы аптада оңай табылады. Иә, мойныңызға артылған міндет көп. Соған қарамастан, достармен уақыт өткізуге, көңіл көтеруге уақыт табуға тырысыңыз. Демалыс күндері ойын-сауық құрудың, лайықты тынығудың сәті түсіп, көңіл-күйіңіз көтеріледі, бойыңыз жағымды қуатқа толады.


Мерген

Бұл аптада үй мен жұмыс орнындағы міндеттеріңізді орындау аздап қиындық туғызады. Мойымаңыз, бұл — өтпелі кезең. Қызмет орнында өзгелердің сіз үшін шешім қабылдауына жол бермеңіз. Дауласудың да дұрыс жол еместігін есте ұстаңыз. Бәрін бейбіт жолмен, жай сөзбен шешуге тырысыңыз. Қаржыға қатысты біршама сұрақтар туындайды. Осы салада білімі бар таныстарыңыздан кеңес сұраудан арланбаңыз.


Тауешкі

Қауіпсіз әрі жайлы, жылы ұяңызда тып-тыныш жатқыңыз келеді. Әйткенмен, күнделікті тіршілікті қайталауға тура келеді, кей істеріңзіді қараусыз қалдыруға болмайды. Дос-таныстарыңызға басы артық уәде беруден сақ болыңыз. Олар сізден көп нәрсе күтеді, көп көмек сұрайды. Бәрінің көңілін табамын, уәделерімді орындаймын деп жүріп, өзіңізге зиян келтіруіңіз мүмкін.


Суқұйғыш

Бұрын қиын да күрделі болып көрініп келген нәрселерге бұл аптада басқаша қарайтын боласыз. Күтпеген кездесулер көп орын алады. Кез келген даулы мәселеде түйсігіңізге сеніп, өз ой-пікіріңізді ашық білдіріңіз.


Балықтар

Бұл аптада бойыңыз қуатқа толы, тапқырлық пен жігерлілігіңіз жиі көрініс береді. Осыған сәйкес мойныңызға қосымша міндеттер де артып аласыз. Міндеттер мен қызметтегі қарбаласқа қарамастан, апта жайлы да сәтті өтеді. Осы аптада ойыңызға келген идеяларды жүзеге асырсаңыз, жемісін көресіз.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ