Әйелге қол көтеру кімдерге тән?

0
5 561

Қай белгі иесі жұдырыққа көп жүгінеді?


Әйелге қол көтеру кімдерге тән?

иллюстрациялық ото: Pravmir.ru

Астрология ғылымы адамдардың мінезіне сипаттама бере алатыны белгілі. Осы сипаттамаға кімнің қандай әрекетке баруы мүмкін екенін болжау да қиын емес.

Ендеше, сала білгірлерінің біліміне сүйене отырып ерлердің ашуға берілгіштігіне, агрессияға бейімдігіне баға беріп көрейікші. Негізгі білгіміз келетіні – кімдер ашу үстінде әйелге қол көтереді? Қай белгі иесі жағымсыз энергиясын жұдырық арқылы шығарады?


Тоқты

Бұл белгі аясында дүниеге келген жігіттер қызуқанды, эмоцияға берілгіш келеді. Өзінен сөзі, сөзінен ісі бұрын жүреді. Осы мінезінен талай таяқ жеп, жиі жеңіліске де ұрынады. Сөйте тұра, өзін түзеуге, әрекет жасамас бұрын ойланып алуға тырыспайды. Көп оспадар қылығын саналы түрде емес, ойсыз, эмоция жетегінде жасайды. Сондықтан, әр ағаттығының артынан кешірім сұраумен жүреді. Міне, мінез-құлқындағы осындай «минустарына» қарап астрологтар оларды ашумен жұдырық жұмсайтындар қатарына жатқызады.


Бикеш

Бұл белгі иелері айналасындағының бәрі мінсіз болуға тиіс деген қағидаға қатып қалған. Тағам тіл үйірерліктей болуға, ыдыс-аяқ айнадай жалтырап тұруға міндетті. Тазалық, тәртіп, басқа да өмір салаларында бәрі өз ойлағанындай болмаса, бұл оны қатты ызаландырады. Онысын жасырып та қала алмайды. Наразылығын ашық, көбіне агрессивті түрде білдіреді. Осындай қылығы олар жайлы «салақтық не олақтық танытқан әйелге қол көтеруі мүмкін» деп ойлауға себеп.

Оқи отырыңыз:

Артық салмақтан арылу жолын жұлдыз белгіңізден іздеңіз

Сарышаян

Бұл белгі аясында туған ер-азаматтар тым өкпешіл, ренжігіш. Оған қоса, өзіне қатыстыны меншіктеп алып, өзгеден қызғыштай қоритыны тағы бар. Жеке өмір, отбасы, әйел мәселесіне келгенде бұл «қызғаныш» атты дауасыз дертке айналады.

Сарышаян бастапқыда сыртқа сыр білдірмеуі мүмкін. Алайда біраз уақыт бойы ішке жиналған реніш, ашу мен қызғаныш қордалана келе, бір күні атыла ақтарылатыны анық. Осы бір эмоциялық жарылыс кезінде ойланбай жасалатын әрекеттер орын алып қалады. Өз-өзіне есеп бере алмайтындай ашу үстіндегі еркек қарсы алдындағы «айыпты» әйелге не істеуі мүмкін? Бірінші кезекте ойға келетіні – жұдырық жұмсау.


Балықтар

Әдетте, барлық жұлдызнамада Балықтарға «сезімтал, томаға-тұйық, үнсіз» деген сынды сипаттама беріліп жатады. Бұған қарап оларды қашан да тыныш әрі бейбіт белгі деуге болмас. «Үндемегеннен үйдей пәле шығады» деген сөзді де ұмытпауымыз керек.

Олардың қиял көкжиегі өте кең. Кішкентай ғана бір ілік тауып алса болғаны, соны өз қиялында дамыта отырып, үлкен бір дүниені құрастырып шығару оларға түк емес. Сол өзі ойдан құрастырған нәрсеге қарап қорытынды шғаратыны да бар. Сол себепті Балықтардың қай кезде не ойлайтынын, қандай түйін түйетінін, қай сәтте ашуға беріліп, айқайға басатынын болжау қиын. Егер өз қиялын дер кезінде тоқтатпай, негативті ойлары ұзаққа шабатын болса, ұруға лайық себепке дейін жетіп қалуы бек мүмкін.

Байқағаныңыздай, бұл болжамда әдеттегі 12 жұлдыз белгісі түгел емес, бар болғаны төртеу. Түгел болмағаны да жақсы. Өйткені, бұл қалған сегіз белгіге жататын ерлердің ұстамды екенін, әйел баласын сыйлайтынын білдіреді.

Егер бұл тізімге сіздің белгіңіз де ілінсе, айып етпеңіз. Біз астрологтардың айтқанын жеткізуші ғанамыз. Және бәрін «мүмкін» дедік.

Ал болжам шындыққа аз да болса жанасса, ешкімге өкпе артпай, өзіңізбен жұмыс жасаңыз.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ