Әр жұлдыздың бойындағы 10 ерекшелік

0
4 145

Әрбір адам — қайталанбас ерекше тұлға. Ал оның ерекшеліктері — мінез-құлқының жақсылы-жаманды жақтары өзгелерге жұмбақ. Бірін білсек, екіншісін білмей, түсінбей дал боламыз. Сізде де солай ма? Ойланып көріңізші, кімнің бойындағы ерекшеліктерін білгіңіз келеді? Жұлдыз белгілерінің өзі айтсын, сіз тыңдаңыз.


Әр жұлдыздың бойындағы 10 ерекшелік

Фото: nu-i-nu.com


Тоқты

  • Менімен дауласпа, бәрібір дес бермеймін.
  • Алдымен әрекет етемін, сосын барып ойланамын.
  • Басқалар тежегіш басқан жерде мен алға қарай атыламын.
  • Әрдайым жас көрінуге тырысамын.
  • Менен көргеніңді жаса, жаман болмайсың.
  • Мен үшін ең қиыны — сұхбаттасымның сөзін соңына дейін тыңдау.
  • Қыңыр-қырсықтық — жаман қылық емес.
  • Өз эмоциямды басқарудан, сыртқы жағдайды басқару жеңілірек.
  • «Екі қошқардың (Тоқтының) басы бір қазанға симайды».
  • Ешкімге тиіспеймін, тиіскенге тиістісін беремін.


Торпақ

  • Ақшамды саяхаттан аяп, сауда-саттыққа жұмсаймын.
  • Маған ешкімнің ештеңесі қажет емес, менікіне ешкім көз тікпесін.
  • Тартысып қарын тойдырғаннан, тып-тыныш аш отырғанды артық көремін.
  • Жайлы орынға жайғасқанда мазамды алғанды жақтырмаймын.
  • Сырттағы барлық демалыстан үйдегі диваным артық.
  • Тамақтану тәртібі мен үшін маңызды.
  • Дегустатор болу — мен үшін бақытты болумен пара-пар.
  • Мәреден бірінші болып келу мақсатым емес. Екінші болсам да бәрібір, маңыздысы — қуатымды үнемдеу.
  • Сапасыздықты суқаным сүймейді.
  • Иесінің тілін тапсаң, қай үйден де тоқ шығасың.


Егіздер

  • Кешегімді еске салма, бүгін мен басқа адаммын.
  • Ақпаратты кім басқарады, билік те соның қолында.
  • Бір бас — жақсы, екі бас — одан да жақсы.
  • Барлық жерде барлық іске үлгеремін.
  • Менің идеяларым — тез бұзылатын азық-түлік сияқты, ойға келгенде жасап тастауға асығамын.
  • Кешіккенге қайрылмаймын, үлгермегенге мүмкіндік бермеймін.
  • Өмірде өзімді суда жүзген балықтай сезінемін, тек, тереңге сүңгімеймін.
  • Заманның барлық жетістіктері мен мүмкіндіктерін міндетті түрде кәдеме жаратамын.
  • «Ә» дегене «мә» деймін, артық сөзім үшін жауап бермеймін.
  • Мен үшін сападан көрі сан маңыздырақ.


Шаян

  • Менің үйім — ол менің ғана үйім, қорғаным.
  • Басқаларға қамқор болу — менің осы өмірдегі миссиям.
  • Барлық нәрсенің артығымен болғаны жақсы.
  • Кім күте біледі, сол мақсатына жетеді.
  • Достарыңмен далада емес, үйде отырғаның жақсы.
  • Жаныма ең жағатыны — толып тұрған тоңазытқыш.
  • Арзан үш зат алғанша, бағалы бір зат алғаным жақсы.
  • Оңаша қала алмайтын ортада өмір сүру — мен үшін ең қиыны.
  • Өткен өмірім сөмкем секілді, үнемі арқамда тасимын.
  • Киімді де, бұйымды да тоздырмаймын.


Арыстан

  • Мен кез келгенді жарқын болашаққа жетелей аламын.
  • Біреуден қолдау күткенше, өзгені өзім қолдағаным жақсы.
  • Келісті келбет пен тартымды түр — табысқа жетуге керектінің жартысы осы.
  • Күн мен үшін жарқырайды, жауын да мен үшін жауады.
  • Кабинеттің кеңдігі жоғары жалақыдан маңыздырақ.
  • Мол табыс табудан көрі, көп шығын шығаруды жақсы көремін.
  • Үйде ешкім қолданбаса да, қымбат заттардың болуы міндетті.
  • Сырт келбетім сүйкімді болғанымен, ішкі әлемім — өктем.
  • Құласам, нардан құлағанды жөн көремін.
  • Жаныңда мен бармын, басқасы не керек?


Бикеш

  • Шыдам мен еңбек — бәрін де жеңбек.
  • Менің қарапайымдылығым — ең жақсы қасиетім, ең әдемі келбетім.
  • Өзім үшін өмір сүремін, өзгелерге қызмет етемін.
  • Барлық жерде тәртіп керек: ойда да, үйде де.
  • Мен үшін неге дайын екеніңді іспен емес, ойыңмен, сөзіңмен дәлелде.
  • Қисық соғылған қабырға, қисық қағылған шеге — ең суқаным сүймейтін нәрселер.
  • Ұсақ-түйек жұмыстарды басқалар жасасын, тек мен емес.
  • Үлкен масштабта өзімді жоғалтып аламын.
  • Әрбір Бикештің ішінде бір «хан» мен «ханым» отыр.


Таразы

  • Қасымда серігім болмаса, өзімді сенімді сезінбеймін.
  • Сөз таластырғанды суқаным сүймейді.
  • Жеңілу арқылы жеңемін, келісу арқылы көндіремін.
  • Тек ақымақтар ғана бірбеткейлікке бой алдырады.
  • Кімді болмасын, неге болмасын сендіре аламын, соңымнан ерте аламын.
  • «Сұлулық әлемді құтқарады» — даусыз тұжырым.
  • Көңіл-күйіңе қарай әрекет ет.
  • Мен үшін ең қиыны — таңдау жасау.
  • Кейде кімнің жағында екенімді өзім де білмей қаламын.
  • Қай істе де нүкте қоюға асықпаймын, үтір арқылы өзіме ойлануға мүмкіндік беремін.


Сарышаян

  • Біреуді шағып алсам ғой, шіркін...
  • Әрбір жағдай диван секілді, оның астында серпін беріп жатқан серіппесі бар. Мәселені шешу үшін соны табу керек.
  • Күлу үшін де лайықты себеп керек.
  • Өзіңді бәрінен босатуға болады, тек өз қызығушылығыңды құрбан етпе.
  • Кез келген майданнан махаббат жайлы әнімді айтып шығып кетемін.
  • Менің көзқарасыммен көпшілігі келісе бермейді, міндетті де емес.
  • Өз қызығушылығым мен қажеттілігімді бірінші орынға қою — сирек жасайтын әрекетім.
  • Жақсы адамдарсыз әлем құрдымға кетеді.
  • Әдетте мен кактуспын, таңдаулылар үшін ғана гүлімді ашып, жұпарымды шашамын.


Мерген

  • Жақсы адамдардың көп болғаны жақсы.
  • Кімге қарыздар болсам, кімнің жақсылығын көрсем, ешқашан ұмытпаймын.
  • Мен үшін ең жақсы демалыс — әлемді айналып саяхаттау.
  • Мәселенің ең маңыздысы — оның көлемі.
  • Маған ашулану, менің ісіме көңіл толмау мүмкін емес.
  • Менің идеалым — өзімнен өзгелердің барлығы.
  • Ар-ұяттың мазалауы — санамдағы тәулік бойғы жаңғырық.
  • Жауапкершілік — адамның ең жақсы қасиеті.
  • Алдын-ала уайымдау — ақымақтық, бәрін кезінде көреміз.
  • Әрбір адамның бір нәрсеге жауапты болуы — міндетті, ерікті болу — ессіздік.


Тауешкі

  • Мен — оза шабуды мақсат ететін желаяқ емеспін, жай ғана көппен бірге көретін «марафоншымын».
  • Майдан алаңына шықсам, өзгелерді өзіммен ертпей, жалғыз шығамын.
  • Заңды бұзбаймын, басқалар құтылар, мен тұтыламын.
  • Бақытты болу үшін маған көп нәрсе қажет емес.
  • Өмір пойыз сияқты, алдын ала белгіленген аялдамалары бар, бәріне өз уақытында жетіп отырады.
  • Шетелге шыққанды емес, үйде отырып, олар жайлы әңгіме айтқанды жақсы көремін.
  • Нағыз Тауешкіні табандылғыы мен ұстамдылығы ерекшелейді.
  • Ең биіктен төменге тым болмаса бір рет қарау үшін өмір бойы тырбануға болады.
  • Жыл өткен сайын жасаратын — мен ғана шығармын.
  • Мақсатыма үнсіз жетемін, айдағаным неше ешкі болшса да, ысқырығым жер жармайды.


Суқұйғыш

  • Басқаларға ұқсамау — менің басты ерекшелігім.
  • Мен сен жайлы қандай ой қалыптастырамын, сен сондай болуға барыңды сал.
  • Ырым-жырымға сену — ақымақтың ісі.
  • Менің болашағым жарқын болуға міндетті.
  • Періште болу — қиын, бірақ, болуға мен міндеттімін.
  • Жақсы істі жасау-жасамау маңызды емес, ниет тура болса болғаны.
  • Жаңашыл болу үшін алдымен ескіні естен шығару керек.
  • Жеке өмір? Қарым-қатынас? Менің өмірімде одан да маңызды нәрселер бар.
  • Бірінші кезекте достар, содан соң барып отбасы. Кезек пен уақыт жетсе, әрине.
  • Менен қайырымды, менен аңғарымпаз адам жоқ шығар, сірә?


Балықтар

  • Адамдарға көмектескеннен көрі аяныш білдіріп, жұбату маңыздырақ.
  • Зиянды әдетерімнен бас тарта алмаймын, балықтың судан бас тарта алмайтыны секілді...
  • Тәртіпті іш пыстыратын, қызықсыз адамдар ойлап тапқан.
  • Арғы күні жасауға болатын істі ертең жасамаймын.
  • Ешкімге ештеңеге уәде бере алмаймын, өйткені, орындай да алмаймын.
  • Мен үшін асығыс, шала-шұрпы жұмыс істеу — тамақты шайнамай жұтқанмен тең.
  • Мен бәрін де түсінемін, тек өзімді түсіне алмаймын.
  • Тал болсаң, дауылдарда иілесің, кейін қайта бой түзейсің. Емен болсаң, қопарыла құлайсың.
  • Бәрі менің үнемі бос емес екенімді біледі, тек неден бос емес екенімді білмейді.
  • Маған қатты қысым жасаса, қысқан қолдан балық секілді сусып шығып кетемін.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ