Бұл сізге күш беріп, ойыңызды жинақтауға көмектеседі

0
3 609


Бұл сізге күш беріп, ойыңызды жинақтауға көмектеседі

Әр адамның өмірінде күш-қуаты сарқылып, қажитын, салы суға кетіп, өмір сүруге құлшынысы болмайтын сәттер орын алады. Немесе не істерін білмей басы қататын, сан сұрақтың астында дал болып қалатын кездер. Сондайда сізді құтқаратын қандай жол, білесіз бе? Білмесеңіз, астрологтар айтып береді.


ТОҚТЫ

Сізге табиғат аясында жалғыз серуендеу өте пайдалы. Ұялы телефонды сөндіріп, басқа да алаңдататын нәрселерден алшақтап, өз ойларыңызбен оңаша қалыңыз. Ішкі үніңізді ести алатындай жағдай жасаңыз. Сонда сұрақтың жауабын, мәселенің шешімін беретін ойлар, тапқыр әрі жетістікке жетелейтін идеялар, сәттілік сыйлайтын әрекеттер ойыңызға оралады.


ТОРПАҚ

Асығыстық, ағысқа ілесіп жүзу, күнделікті қым-қуыт тіршілік – осының бәрі ішкі даусыңызды бәсеңдетіп тастайды. Мына дамылсыз Дөңгелеп, үнемі бір жаққа асықтырып тұратын дүниеде бір сәтке кідіріп, аялдама жасау сіз үшін аса қажет. «Аялдамада тұрғанда» медитация жасаңыз, кітап оқыңыз, басқа да рухани дүниеңізді байыту амалдарын іске асырыңыз. Күніне 10-15 минутты осындай шараларға арнасаңыз, көп ұзамай сәттілік, жақсы өзгерістер өздері-ақ келе бастайды.


ЕГІЗДЕР

Музыка – сіздің жаныңызды емдеуші, ойыңызға ой қосушы, өміріңізге гармония орнатушы күш. Күнделікті тыңдап жүрген хит әуендерден бөлек, классикалық жанрдағы, академиялық орын даудағы әуендер әлеміне еніңіз, тереңіне үңіліңіз. Сонда миыңыз барлық қоқыстан тазарып, санаңыз жаңғырып, жан-дүниеңіз демалып, өзгеше ойлау, жаңаша көзқарастар, бойды кернеген жағымды күш пайда болады.


ШАЯН

Ой сергіту, бар наЗарды бір жерге жинауда, тереңнен толғанып ойлануда сізге көмектесетін – сурет салу. Қағаз-қалам, түрлі-түсті бояулар алып, бірнеше сағат осы іспен айналысып көріңіз. Мақсат мінсіз сурет салу емес, көңіліңіз қалаған бейнені қағазға түсіру, миыңыз бағыттаған сызықтарды сызу, жаныңыз қалаған түстерге бояу. Жай ғана процестен ләззат алуға тырысыңыз. Сонда ойыңыз да, өміріңіз де әсем бейнелер мен жарқын түстерге толады.


АРЫСТАН

Сіздің жан дүниеңізде тыныштық, үйлесім орнататын – би. Той-топырда емес, үйде, өзіңіз ғана оңаша билеу. Сүйікті әуеніңізді қойып, айна алдында тұрып, денеңіздің қалауы бойынша қимылдаңыз. Билей алмаймын, қимылым нашар, әдемі көрінбейді деп алаңдамаңыз. Денеңіз бен санаңыз толықтай үйлесім тапқанда, бойыңыздағы барлық негативті, нашар ойды, мазалаған мәселе мен жауапсыз сұрақтарды, сәтсіздіктерді оңды-солды сілтеген қимылдармен сілкіп тастай аласыз.


БИКЕШ

Бикештер қандай да бір қолөнермен айналысқанда ғана бар назарын шоғырландыра алады. Бұл тіршіліктің болмашы, өткінші мәселелерін естен шығаруға, ұсақ-түйектерге алаңдамауға, қажетсіз ойларды әрі ысырып, санасын тазалауға жақсы мүмкіндік. Қолөнермен айналысу үстінде осындай өнер, қабілет, мүмкіндік, өмір бергені үшін Жаратушыға алғысыңызды айта отырыңыз. Жақсы ойлар жақсы өзгерісті, жаңашылдықты, сәттілікті шақырады.


ТАРАЗЫ

Таразылардың жанын емдейтін – жазу. Бір жағынан бойларында жазушылық не ақындық қабілет болатынын да ескеру керек. Тіпті, ондай талант болмаған күннің өзінде, анда-санда қағаз-қалам алып, толғандырған ойларды, жоспарларды түсіріп тұрған артық болмайды.


САРЫШАЯН

Белгі иелеріне бақыт, тыныштық сезімін сыйлайтын – бөлме гүлдерін, бау-бақшаны күтіп-баптау. Өзінен басқа ешкімді, ештеңені ойлауды білмейтін Сарышаяндардың тек осы тіршілік иелеріне ғана мейірімі түседі.


МЕРГЕН

Мергендер таза ауа мен табиғатты қатты жақсы көреді. Олар үшін демалыс табиғат аясында, саябақта, адамнан басқа да жандылардың тіршілігін бақылаумен өтсе ғана қызық. Бұл бір жағынан белгі иелеріне жайлылық сыйлайды, жаңа идеяларының тууына, инсайттар келуіне себеп болады.


ТАУЕШКІ

Бірсарынды өмірден жалыға бастаған, мәселелерді шешем деп қажыған, санасы тұманданған сәтте Тауешкілерге ән салу көмекке келеді. Әдетте, белгі иелері өздерін ән айта алмаймын деп ойлайды. Алайда, ештеңеге қарамастан әуелете бір әуендетіп алса, әжептәуір жақсарып қалады.


СУҚҰЙҒЫШ

Суқұйғыштардың ойы мен бойын сергітіп, санасын бұлттан кейінгі күндей жарқырататын – от. Әрине, бірдеңені өртеудің қажеті жоқ. Жай ғана пеште жанып жатқан оттың қызуына жылынып немесе балауыздың әлсіз ғана тұтанған білтесін бақылап отырса, соның өзі жеткілікті. Өміріңізде еш қызық қалмағандай, мәнінен айрылғандай болғанда отқа қараңыз. Терең тыныс алыңыз да, бойыңызды бос ұстауға тырысыңыз. Сәлден соң-ақ миыңыз тынышталып, сәттілік пен табыс, жетістік әкелетін, алға қарай дамуға жетелейтін ойлар пайда болады.


БАЛЫҚТАР

Балықтардың шығармашылыққа жақын екені бұрыннан белгілі. Қиялы шексіз және оған шын өмірге сенгендей иланады. Сондықтан, қандай да бір қиналған сәтте қиялына ерік беріп, өз әлемін біраз шарласа, жақсы тыңайып қалады. Осы ерекшелігі оларды көптеген қиындықтардан мұқалмай шығуына, қиын таңдау тұсында оң шешім қабылдауға, дұрыс бағытта қадам жасауға көмектеседі.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Әркімнің ҚАУІП-ҚАТЕРДЕН САҚТАЙТЫН ГҮЛІ бар