Әркімнің ҚАУІП-ҚАТЕРДЕН САҚТАЙТЫН ГҮЛІ бар

0
5 077

Бізге тек тағдыр санымызға сәйкес келетін сипаттаманы оқу ғана қалады.


Әркімнің ҚАУІП-ҚАТЕРДЕН САҚТАЙТЫН ГҮЛІ бар

Тағдыр санын есептеу арқылы өзіміз жайлы көп ақпарат білуге болатыны белгілі. Сол көп ақпараттың ішінде түрлі қауіп-қатерден сақтандырып, жақсылық шақыратын гүлдер туралы да мәлімет бар. Бұл жайлы білікті нумерологтар әлдеқашан талдап-жіліктеп қойған. Бізге тек тағдыр санымызға сәйкес келетін сипаттаманы оқу ғана қалады.


Тағдыр санын есептеу үшін туған күн, ай, жыл сандарын бір-біріне қосып, біртаңбалы мән шығару қажет.


1

«Бірліктердің» қолдап-қорғаушысы – гүлдердің патшасы раушан. Бұл гүлдің көздің жауын алатын сұлулығымен қоса, тиіскенді аямайтын уытты тікендері бар. Сонысымен де мықты қорғаушы. Ол «бірлік» иелерін теріс ниетті адамдардан, негативтен сақтандырады. Бұл үшін есік алдына раушан гүлін егіп, күтіп-баптауға немесе гүл күлтелерін кептіріп, үйде сақтауға болады. Осы гүлдің арқасында «бірліктер» шынайы махаббатын табуы да әбден мүмкін. Бақытты да берік отбасын құрғысы келгендер осы гүл пішіндес әшекей бұйым таққаны жөн.


2

Есеп нәтижесі «екі» шықса, ол жан үшін қырмызыгүл (календула) «жан беруге» дайын. Емдік қасиеті бар өсімдік түрлі ауру-сырқаудан сақтап, тіпті кейде емдеп жаза алады, бақыт энергетикасын шақырады. Гүлдің түсі қызғылт-сары болғандықтан, депрессияны, уайым-қайғыны, мазасыз ойларды ары серпіп тұрады. Тағы бір қызығы, «екіліктерді» өз бойындағы қызғаныштың өршуінен, өзгелердің жаласынан қорғайды. Осындай керемет пайдаларын көру үшін қырмызыгүл күлтелерін кептіріп қалтаға салып жүруге немесе есік алдына егіп, жайқалтып өсіруге тиіс.


3

«Үштіктер» үшін жыланқияқ (ирис) гүлі негативтен сақтандыру қызметін атқарады. Оның энергетикасы адамдармен оңай тіл табысуға, жақсы жаңалықтардың көп болуына және араласатын ортаның жақсаруына көмектеседі. Ал негативке, агрессияға толы жандардан айналып өтуге итермелейді. Гүлдің кепкен күлтесін қалтаға салып жүрсе, көпшілік алдында сөз сөйлегенде, қызмет бабына байланысты маңызды келісімшарт жүргізу кезінде сенімділік сыйлайды.


4

Нәзік хош иісті көктем гүлі інжугүл (ландыш) – «төрттіктердің» тұмары. Ол иесінің махаббатын, бақытын табуына септігін тигізеді. Кептірілген гүлкүлтелері де, тіпті көрінетін жерге қойылған суретінің өзі тіл-көзден, түрлі жаман әсерлерден сақтайды.


5

Ақгүл (жасмин) – «бестіктерді» бақытсыздықтан, жауапсыз махаббаттан сақтандыратын бірегей қару. Сондай-ақ, жолына кесе-көлденең тұрғысы келгендер мен кедергі жасағысы келетін, басынып-басқарғылы келетіндерден де қорғайды. Сондықтан, тағдыр саныңыз «бес» болса, міндетті түрде үйдің айласына осы гүлді егіп қойыңыз. Гүлдің кішкене бөлігін өзіңізбен алып жүруге, ақгүл жұпары аңқитын иіссу себуге де болады.

6

Тағдыр саны 6 болған адамдар қызғалдаққа көбірек көңіл аударғаны жөн. Өзі нәзік болса да, энергетикасы мықты, иесін айналадағы адамдардан келетін қысымнан, жағымсыз негативтен қорғай алады. Жұмыс үстеліңізге қызғалдақ суретін қойып қойсаңыз, бастықтың сізге тісі батпайды, әріптестермен де тіл табысу жеңілдейді. Тіпті болмаса, компьютер экранында осы гүлдің суреті тұрсын. Ал, бөлме гүлі ретінде үйіңізде өсірсеңіз, шаңырағыңыздан бақыт пен береке кетпейді.


7

«Жетіліктердің» жағдайының жақсаруына орхидея гүлі үлес қоса алады. Оның бойында ерге де, әйелге де тән энергетика бар. Иесін өтірік пен сатқындықтан сақтап, сыртқы былай тұрсын, өз бойындағы ішкі негативтен де қорғайды. Бойындағы әлсіз тұстардың, кемшіліктің күш алып кетуіне кедергі жасайды. «Жетілік» иесі барлық жерде осы гүлді жанына алып жүрсе, манипуляторлар тұзағына түспейді.


8

Тағдыр саны «сегіздік» болатын жандардың бәрі дерлік өмірге риза, позитивті, мақсатқа ұмтылғыш болып келеді. Оларға осындай энергетика сыйлайтын – бақытгүл (хризантема). Оның өмірді ұзартып, негативтен алыс жүруге жәрдемдесетін қасиеті бар. «Сегіздіктер» қалтасына бақытгүлдің кепкен күлтесін салып жүрсе, қай ортада болмасын өзіне ұнамайтын, тіл табыса алмайтын, нашар көңіл-күй, негатив тарататын адамдардың кері әсеріне ұшырамайды.


9

«Тоғыздықтардың» тұмары – теңбілгүл (цикламен). Олар кісінің бойындағы түйсігін, жасырын жатқан қабілеттерін ашуға көмектеседі. Соның арқасында өмірден өз орнын, миссиясын табу оңайырақ. Сонымен қатар, терезе алдында, әсіресе, жатын бөлмеде өсіп тұрған теңбілгүл шаңыраққа бақыт шақырады.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Депрессияда жүрсіз бе? Сізді мына амал құтқарады