​Күйеуіңіз СЫЙЛЫҚТЫҢ АСТЫНДА қалдырсын десеңіз

0
2 232

Қалай сұрау керек, мәселе сонда!


​Күйеуіңіз СЫЙЛЫҚТЫҢ АСТЫНДА қалдырсын десеңіз

Ер-азаматтардың бәрі бірдей романтик емес. Әсіресе, қазақ жігіттерінің көпшілігі сұлу сөзбен сезімін білдіруді, сыйлық ұсынуды табиғатына жат санайды.

Бойдақ кезінде, бәлкім, бойжеткеннің жүрегін жаулау үшін өз болмысынан аттап болсын бірді-екілі сыйлық берер. Алайда, құсын қолына қондырып алған соң басым көпшілігі бұл әрекеттен бойын қайта аулақ ұстайды.

Осыдан кейін қыз-келіншектер сыйлық алғысы келсе, оны қандай да бір жолмен «сұрау» қажеттілігі туады. Қалай сұрау керек, мәселе сонда! Бұл ретте өмірлік жолдасының жұлдызнамасына қарай әрекет еткендер қателеспейді.


Тоқты

Сүйген қызының бетін бері қаратып, келісімін алып алғанша сыйлықтың астында қалдыратын серілердің бірі – Тоқтылар. Алайда қыздың көңілінің өзіне қарай ауғанын көрген соң, жомарттығы жаймен артта қала береді. Отбасын құрған кезде де солай, көңіл үшін гүл, кәдесый сияқтыларды ұсынуды артық ысырап санайды. Сондықтан, Тоқтылардың әйелі қандай да бір затты алғысы келсе, оны «сыйлық» деп емес, өмірге қажетті бұйым ретінде көрсете білуі керек.


Торпақ

Сараң емес, алайда, пысық әрі үнемді жігіттер. Олар еңбекпен келген ақшаны оңды-солды шаша беруге болмайды деп санайды. Өмірлік жарының өзінің қамтамасыз етуіне мұқтаж әлсіз тұлға болғанын да қаламайды. Сондықтан, қыздар мұндай жігіттерге өз басын асырауға шамасы жететін, қаржылай тәуелсіздікке қол жеткізген, табысты екенін көрсетуі тиіс. Сонда ғана Торпақ-жігіттер оның жүрегін жаулау үшін шығын шығарып, сыйлық ұсына бастайды. Қыз баласы өзін қаншалықты жоғары бағалап, өзіне қандай көлемде инвестиция салса, жігіттің сыйлықтарының сомасы да соған сай болмақ.


Егіздер

Белгі иелерінің бойында екі түрлі қасиет үнемі күресу үстінде болады: қиялшыл, сезімге берілгіш романтик және тиын-тебенге дейін есеппен ұстайтын сараң. Алғашқысының жеңіске жеткенін қаласа, әйелі де романтикалық қадамдарға жиі барып, қарым-қатынасқа айрықша эмоциялар енгізіп, жиі өзгеріп, аздап жұмбақтау болып тұрғаны дұрыс. Әрі Егіздер-ері сыйлық берген сәтте «Менің ойымды оқып қойғандайсың, тура осыны қалап жүр едім» деп мақтап, қолпаштауды естен шығармаса игі. Мұндай сөздер жиі сыйлық жасап тұруға итермелейді.


Шаян

Оларды басқару, іс-әрекетін бағыттап жіберу өте оңай. Тек әйелі екі ережені сақтаса болғаны. Біріншісі, қарым-қатынаста еріне шынайы түрде қамқорлық танытып, айрықша ықыласын білдіру. Мәселен, сүйікті асын дайындау, киім-кешек, бұйымдарына жақсы күтім жасау, тағысын тағылар. Оларды үнсіз жасап қоя салмаңыз, қалай қамқорлық жасап, қандай еңбек сіңіргеніңізді әдемі сөздермен айта да жүріңіз. Екінші ереже – қандай сыйлық болмасын, алған сәтте қуанышыңызды айқын білдіріңіз. Қайта-қайта алғыс жаудырып, құшақтап, сүйіп қойсаңыз да артықтық етпейді.


Арыстан

Олар үшін де ұнатқан қызы қолы жетпей, аспандағы айдай көріп жүрген кездерде аса құнды. Ондай кезде көңілін өзіне аударту үшін ештеңеден аянбайды. Ал, қолына қондыңыз екен, үздіксіз сыйлықтар мен ерекше сезімге толы сәттер де алыстады дей беріңіз. Сондықтан, әйелі болғанда да лайықты көңіл бөлмесе, сізді жоғалтып алуы мүмкін екенін арагідік есіне салып тұру керек.


Бикеш

Сыйлыққа келгенде сараңдық танытатын күйеулердің көпшілігі осы белгі аясынан. Олар тірнектеп жиған-тергенін қымбат сыйлыққа жұмсай салуды құп көрмейді. Мұнысын «сыйлық, ақша үшін жүретін қыздар қажет емес» деген сөзбен ақтап алғысы келеді.

Ал, отбасылы өмірге келсек, әйеліне қандай да бір қажетін әперу үшін атаулы күн, мерекені емес, оның да тер төгіп, еңбегін сіңіргенін, лайықты болуын күтеді. Онда да шын қажеттілік саналатын бұйымдармен шектеледі.


Таразы

Олар сырт келбет пен ішкі ағза күтіміне қатты мән береді. Сондықтан, Таразы-күйеумен сұлулық, сән, денсаулық тақырыптарында жиі әңгіме-дүкен құрған дұрыс. Сұлулық салонына, киім таңдауға бірге барыңыздар. Осыны өзара ортақ тақырыпқа айналдырыңыз. Әйелінің өз қызығушылығына құрметпен қарап, мәселелерін шешуде көмектескісі келетінін байқағаннан соң, оның да қалауын орындап, көңілін көтеруге барын салатын болады.


Сарышаян

Әдетте, әйелдерге «күйеулеріңді ешкіммен салыстырмаңдар, бұл арақатынасқа кесірін тигізеді» деп кеңес беріп жатамыз. Алайда, бұл кеңестің Сарышаян жігіттерге аса қатысы жоқ. Себебі, олар бәрібір іштей өзін өзгелермен салыстырып, бәрінен жақсы, алда болуға ұмтылып жүреді. Басқа бір ер-азаматтың әйеліне не сыйлағанын әдемі сөздермен, жай жаңалық ретінде жеткізіп қойыңыз. Сонда ол іштей бәсекеге түсіп, өзінің одан артық екенін көрсетуге барын салады.


Мерген

Жомарт жігіттер қатарынан. Әсіресе, өмірлік серігім деп санаған бойжеткендерден, сыйлауға лайықты болған әйелінен ештеңесін аямайды. Сондай-ақ, өзіне де символикалық сыйлық дәмететін, өзіне-өзі сыйлық жасап тұратын әдеті бар.


Тауешкі

Тауешкі белгісіндегі жігіттердің жұбайларына «еріңізден сыйлық дәметпеген жөн» деп кеңес берер едік. Себебі, өте ұзақ күтіп, қалай ишараласаңыз да, тіпті, ашық түрде сұрасаңыз да, сыйлықсыз қалып, босқа көңіліңіз түседі. Тұрмыстық қажеттіліктердің өзін жай көңіл қалағандықтан емес, шын мұқтаж екеніңізді дәлелдесеңіз ғана алып беруі мүмкін.


Суқұйғыш

Суқұйғыштардан «сұраудың» қажеті жоқ, себебі, нағыз сыйлыққа жомарт жігіттер осы белгі аясында туады. Олардың сый-сияпаты да ерекше, жаттанды гүл-шоколад сияқтылармен шектелмейді. Гүл сыйлағанның өзінде таптаурын болған алқызыл роза емес, айрықша түсте, көп берілмейтін, тіпті сіз атын білмейтін бір түрін ұсынуы мүмкін. Бірге жүргенде қандай да бір заттың сізге ұнағанын көзбен не эмоциямен білдірсеңіз болғаны. Көп ұзамай соны сыйлыққа алып қалуыңыз бек ықтимал.


Балықтар

Жалпы, бұл белгі иелерін сыйлыққа жомарт не сараң деп біржақты қарауға болмайды. Себебі, олар адамдарды алалап, нағыз сыйлыққа лайық дегендерге ғана ұсынады. Қыз-келіншекке келгенде де солай. Егер іс-әрекетіңізбен, мінез-құлқыңызбен көңілінен шығып, шын махаббатыңыз бен қамқорлығыңызды көрсете алсаңыз ғана, қарымтасын күтуге болады.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


КӨЛІК НӨМІРІ: Ерекше сандар Сізге берілген БЕЛГІ болуы мүмкін