КӨЛІК НӨМІРІ: Ерекше сандар Сізге берілген БЕЛГІ болуы мүмкін

0
2 101

"111", "777", "333" және тағы да осындай сандар кейде бірінен соң бірі жиі кездесіп қалады. Ол да бекер емес екен...


КӨЛІК НӨМІРІ: Ерекше сандар Сізге берілген БЕЛГІ болуы мүмкін

Кез келген жерде айналаға жіті көз салып жүрсең, тағдырдың белгілерін жиі байқауға болады. Солардың бірі – автокөлік нөмірлері. Жол үстінде кей көліктердің нөмірлері көзге оттай басылып, ерекше көрінетіні бар. Әсіресе, бірдей сандардан тұратындар.

Келесіде осындай сандардан тұратын нөмір көзіңізге қайта-қайта түсе берсе, бұл тағдырдың маған беріп жатқан белгісі деп қабылдаңыз. Ал, оның мағынасын осы жерден оқи аласыз.


111

Дәл қазір өміріңізді түбегейлі өзгертетін ойлар мазалап жүр. Олардың із-түзсіз жоғалып кетуіне жол бермеңіз. Бірінің ұшығын ұстап, жүзеге асыруға тырысып көріңіз. Мүмкіндікті жіберіп алмай, жағдайға тез бейімделе кетуге дайын болыңыз.


222

Жақын арада жасаған барлық іс-әрекеттеріңіз табыс пен жетістік әкеледі. Сондықтан, қарқынды жұмыс жасап үлгеріңіз. Әр ісіңіз бен сөзіңіз үшін жауап беруге тура келетін сәттер де тууы мүмкін, дайын болыңыз.


333

Өміріңіз, әр іс-әрекетіңіз «жоғарыдан» бақылану үстінде. Сіз үшін үкім де шығарылып қойған. Не жасасаңыз да, алдыңызға айналып келеді: жақсылық – жақсылық болып, жамандық – жамандық болып.


444

Дәл қазір өзіңізге деген сенімділікті жоғалтып жүргендейсіз. Төрттік сандарды жіберу арқылы ғалам сізге қолдау көрсетіп, жебеуші періштелер, қолдаушы кісілер жаныңызда екенін білдіргісі келеді.

555

Жақын арада жоспарда болмаған, тіпті ойыңызға да кіріп-шықпаған орындарға тап боласыз. Бұл сізді жақсылыққа жетелеп, өміріңіздегі ең керемет сәттердің бірі болып қалады.


666

«Алтылықтар» қауіп-қатерден сақ болуды ескертеді. Сіз бір қымбатыңызды, тіпті өз-өзіңізді жоғалтып алу алдындасыз. Кез келген қиындыққа төтеп беруге дайын болыңыз. Сондай-ақ, үнемі сақтық танытып, өзіңізге керекті ғана алыңыз. Артық асап, көбірек алып қалуға тырыспаңыз.


777

Сәттілік дәл қазір сіздің жаныңызда. Соңғы 48 сағат ішінде қабылдаған шешімдеріңізді еске алыңызшы. Олар өміріңіздегі ең дұрыс шешімдер болғанына еш күмән жоқ. Осы алған бетіңізден таймаңыз, тоқтамаңыз, Сіз дұрыс жолдасыз.


888

Дәл қазір өмірдің ең жақсы, ең сәтті кезеңін бастан кешірудесіз. Осы уақытты тиімді пайдаланып, ертеңгі күнге жақсы іргетас қалап үлгеріңіз. Болашағыңыздың қандай болғанын қалайсыз, соны айқындап, жоспар құрып, іске кірісіңіз.


999

Өміріңіздің жаңа бір белесі басталғалы тұр. Соңғы уақыттары бастап, аяқталмай қалған шаруаларды соңына дейін жеткізіп тастаңыз да, жаңа өмірге сақадай сай тұрыңыз.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


ЖҰЛДЫЗНАМА және ДЕНСАУЛЫҚ: қандай сырқаттан сақтануыңыз керек?


Осы ӨМІРДЕГІ басты МИССИЯңызды білесіз бе?