Күйеуіңіздің ең жиі айтатын өтірігі - ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША

0
3 781

Әр еркектің жиі қолданатын өтірік сөздері болады


Күйеуіңіздің ең жиі айтатын өтірігі - ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША

«Келе жатырмын», «Он бес минутта болам», «Сәл шыдашы, не қаласаң, соны әперем», «Болды, бәрін қойдым, енді түзелемін» - осы сынды сөздерді әр әйел күйеуінің аузынан бірнеше рет естіп, сеніп, алданып қалады. Өйткені бұл ер-азаматтардың көпшілігінің жиі қолданатын жалған сөздері. Қалжыңға сүйесек те, шындық осы.

Одан бөлек, әрбір еркектің өз табиғатына, мінез-құлқына, өмірлік ұстаным мен көзқарасына қарай да жиі қолданатын өтірік сөздері болады екен. Әрине, барлық жағдайда жалған сөз жаман ниеттен тумайды. Әркімнің өз себебі бар. кімде қандай сөз және нендей себеп екенін жұлдызнамасына қарап біле аласыз.


ТОҚТЫ

Алдыңызда айыбы болсын-болмасын, ұрыс-керістен қашқысы келгенде өтірікпен құтылып кетуді жөн санайды. Бір жағынан жаныңызды ауыртатын жайттарды ашып айтқысы келмегеннен де жалған сөзбен жасырып-жауып не жеңілдетіп жеткізгісі келеді.


ТОРПАҚ

Өтірікті өзіне керегін алу, дегенін жасату үшін қолданады. Ол қалаған нәрсеге сіздің қызығушылығыңыз жоқ екенін байқаса, шындыққа жанассын-жанаспасын, түрлі аргументтерді, себептерді тауып тізе береді. Тек мақсатына жетсе болғаны.


ЕГІЗДЕР

Өтіріктің қисынын асқан шеберлікпен қиыстырады. Кез келген мәселені шынайы шешудің орнына, өтірікпен құтылып кеткенді оңай көреді. Сондықтан қай сөзі рас, қайсысы жалған екенін ажырату қиын. Мұндайда өзін ұстауы мен ым-ишарасына назар аударсаңыз, сол көмекші болуы мүмкін.


ШАЯН

Оларға өтірік айтуда эмоцияға берілгіштігі қатты көмектеседі. Ойынан құрастырған оқиғасын образға кіріп тұрып баяндағанда, өзің де қалай эмоцияға ерік бергеніңді байқамай қаласың. Бұлай өтірік айтудың Шаянға қатты қажеттілігі болмауы да мүмкін. Кейде жай ғана өз актерлік шеберлігін өзіне дәлелдеу не қызық үшін ойдан шығарған кезекті қойылымын қоя салады.


АРЫСТАН

Өтірікті шындай жеткізгенде, кәсіби актерлардың өзі жолда қалады. Жанындағы адамды бақылауда ұстау және манипуляция жасау олар үшін ауадай қажет. Бұл жолда жалған сөздер оларға тиімді тәсілдің бірі ретінде қызмет атқарады.


БИКЕШ

Олардың есте сақтау қабілеті өте жақсы. Жылдар бұрын болған оқиға түгілі, екі адамның арасында болған әңгіменің өзін сөзбе-сөз қайталап бере алады. Бірақ оның қажеті қанша? Осындай өткендегі оқиғалар мен айтылған сөздерді, «атылған оқтарды» қайта баяндау керек болғанда қажет жерін қалдырып, артығын алып тастап, әдемілеп өңдеп, арасына пайдалы өтірікті те қосып жібереді.

ТАРАЗЫ
Олар көбіне ұрыс-керіс пен дау-дамайды айналып қашқысы келгенде өтіріктің көмегіне жүгінеді. Сондай-ақ, өз атына кір келтіретіндей жағдайларда да шындықтың бетін ашпай, абыройымды сақтап қалам деп жалған сөзбен жылы жауып қоя салғанды жөн санайды.


САРЫШАЯН

Оларды мына жағдайда жалған сөйлейді деп нақты айту қиын. Әртүрлі кездерде болып тұрады. Бір жаманы, сөзіне күмәніңіз барын білдіре қалсаңыз, мойындаудың орнына, өзін ақтап, сізді қаралау үшін жанын салады. Өтірікті одан әрі жалғастырып, жалғандық үстіне жалғандық жамайды.


МЕРГЕН

Көзге тік қарап тұрып, беті бүлк етпестен алдап кететіндердің бірі – Мерген еркектер. Кәнігі, кәсіби өтірікші ма дерсің. Әрі жалған сөзіне біреуді сендіре алса, сонысын әжептәуір қабілет көріп, өзіне дән риза болатыны да бар. Сондықтан кейде қажеттіліктен, кейде жай ғана өз эгосын қанағаттандыру үшін алдап-сулай салады.


ТАУЕШКІ

Әдетте, өзі жасап қойған қателіктерін жасырып-жабу үшін жалған сөйлейді. Бірақ, өтірікті жақсы ұйқастырып айта алмайды. Дәлірек айтқанда, қалай құрастырғанын нақты есінде сақтамайды. Бір оқиғаны бірнеше рет қайталап айтқанда, әр жолы бір тұсын өзгертіп жібереді. Өтірік айтып жатқанын осыдан-ақ білуге болады.


СУҚҰЙҒЫШ

Олар әдетте жай қызық үшін және сізді тексеру үшін бірдеңелерді ойдан шығарып жүреді. Бірақ, өтірікті шындай сапыра алмайды. Жалған айтып тұрғанын жүзінен-ақ білуге болады. Жиі алдауды әдетке айналдырса, машықтанып алады да, уақыт өте келе қай сөзі рас, қайсысы өтірігін ажырату қиынға түседі.


БАЛЫҚТАР

Көбіне маңызды, салмақты мәселені сол қалпында жеткізуге қиналады да, арасына жалған қосып, жеңілдетіп баяндайды. Сондай-ақ, біреудің жанына бататын нәрсені айту керек болғанда жүрегін ауыртқысы келмегеннен де аздап өңін өзгертіп, бояуын басқаша қылып жеткізеді. Бір қарағанда еш зияны, салмағы жоқ сөздер.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Сүйікті саныңызды айтсаңыз, Сіз жайлы бір қызық айтамыз