​Сүйікті саныңызды айтсаңыз, Сіз жайлы бір қызық айтамыз

0
2 558


​Сүйікті саныңызды айтсаңыз, Сіз жайлы бір қызық айтамыз

Әрбір адамның өзіне ұнайтын бір саны болады екен. Неге дәл сол санды жақсы көретініне бәрі бірдей логикалық түрде түсіндірме бере алмайды. Алайда нумерологтар мұндай ұнатудың астарында өзі жайлы қызықты ақпараттар болатынын айтады.


Егер сүйікті саныңыз 1 мен 9 аралығында болса, сол санның сипаттамасын қарайсыз. Ал ол екі не одан да көптаңбалы сан болса, құрамындағы цифрларды бір-біріне қосу арқылы бір таңбалы сан шығару керек.


Бірлік

1 саны басқалардан айрықша жақын болса, бойыңызда өте қызық бір ерекшелігіңіз бар деген сөз. Ол – көнелік. Сіздің жаныңыз бұл әлемде көптен бері өмір сүріп келеді. Жанның бір кеудеден екінші кеудеге ауысуы, қазіргіден бұрынғы, алдыңғы өмір деген сияқты сенімдердің сізге қатысы болуы әбден мүмкін. Әрі интуицияңыз өте керемет.


Екілік

Бұл сан жалғыздықтың адамы екеніңізді білдіреді. Сіз іштей жалғыздықты жек көруіңіз, одан қорқуыңыз мүмкін. Алайда, қашпағаныңыз жөн. Себебі, оңаша әлемде, тыныштықта өзіңізбен-өзіңіз жеке қалу, қиындықтармен жеке дара жүріп күресу сіз үшін өте пайдалы. Дәл осындай сәттерде бойыңыздағы бар күш-қуатты, мүмкіндікті толығымен пайдаланасыз, шынығып, ширайсыз. Алға жетелейтін, дамуыңызға септігін тигізетін ойлар мен идеялар да осындайда келеді.


Үштік

Бұл санды жақсы көретіндердің бойында нағыз ұстазға, тәлімгерге керек көп қасиеттер болады. Кез келген адамға бір нәрсе үйрету, тәлім-тәрбие беру олар үшін оңай. Жүрегінде терең мәдениет, білім мен мейірім орнаған.


Төрттік

4 санын ұнатушылардың бойында тәуелсіздікке деген үлкен ұмтылыс өмір сүреді. Олар үшін өз бостандығынан артық құндылық жоқ. Ешкімге де, ештеңеге де тәуелді болғысы келмейді. Қандай жағдайда болмасын еркіндігін сақтап қала алса, одан артық бақытты керек етпейді.


Бестік

Сүйікті саныңыз 5 болса, сізге барлық нәрседе артық те кетпей, кем де қылмай, «алтын ортаны» ұстану керек дегенді білдіреді. Әсіресе, махаббат пен қаражатқа келгенде ақырын жүріп, аңдап басқаныңыз жөн. Айталық, сезімге қатты беріліп, сүйіктіңіздің жолында құрбан болудан да, жүрек қақпасын тарс жауып, тасжүрек жанға айналудан да сақтану керек. Мол табыс табам деп тыраштану да, азға қанағат етіп қамсыз қалу да болмайды.


Алтылық

Сіздің бойыңыздағы ең күшті басымдық – кез келген жағдайға дұрыс баға беру алу. Сонымен қатар, түйсігіңіз де керемет дамыған. Өмірде орын алатын кез келген жағдайды пайдалы тәжірибеге айналдыра аласыз. Тіпті, жағдай, қателік өзге біреудікі болса да, сіз үшін сабақ бола алады.


Жетілік

7 санын жақсы көретіндер бұл цифр өздеріне сәттілік әкеледі деп ойлайды. Бірақ жетілік үнемі жолыңызды аша бермейді. Қалағаныңызға қол жеткізу үшін жеңілдік сыйламайды. Сіз де өзгелер сияқты сынақтар мен кедергілерге кездесіп, олармен күресуге тиіссіз. Қабылдаңыз, қимылдаңыз.


Сегіздік

Сегіздікті ұнатып, шексіздікті ұлықтайтындар кез келген жандыға да, жансыз затқа да үлкен маңызға ие, әлемнің құнды бір бөлшегі деп қарайды. Бардың бағасын, жоқтың қадірін біледі. Сонымен қатар, ностальгияға жаны жақын. Үнемі өткенде қалған күндерін, арақатынасы үзілген адамдарды не қолданыстан шыққан бұйымдарын, жүрген жерлерін, басқан тауларын – бәрін-бәрін сағыну үстінде жүреді. Естеліктер – олар үшін үлкен құндылық.


Тоғыздық

Сүйікті саныңыз 9 болса, сіз бұл әлемге жарқын бояу, әртүрлі әсерлер әкелу үшін жаралған жансыз. Адамдардың өмірін қызықты ету де сіздің қолыңызда. Өйткені, бойыңызда харизма, мейірім, қуанта білу, күлдіре білу, әсерге бөлеу өнері – бәрі жинақталған. Егер өзіңізді ондай деп ойламасаңыз, әлі бұл қырыңызды тани және аша алмағаннан деген сөз.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Күздің үйдегі кештерін көңілді өткізгіңіз келсе...