​Сізге ЖҰЛДЫЗЫ ҚАРСЫ... Ол кім?

0
8 110

Бұл адаммен басыңыз бір қазанға сыймайды.


​Сізге ЖҰЛДЫЗЫ ҚАРСЫ... Ол кім?

Өмірде қанша тырысса да бір-бірімен еш тіл табыса алмайтын жандар болады. Оларды «жұлдызы қарсы» деп те айтып жатады. Не үшін «жұлдыз» сөзі қолданылды деп ойлайсыз? Себебі, шынында да олардың жұлдыз белгілері бір-біріне қарама-қарсы.


ТОҚТЫ мен ТОРПАҚ

Табиғаттары бір-біріне ұқсас жандар. Соған қарамастан, екеуінің басы бір қазанға еш сыймайды. Өйткені, екеуі де қызба мінезді, бәсекелесуге бейім. Осындай қасиеттері магниттің екі плюсіндей «теуіп», белгі иелерінің бір-бірін кеудесінен кері итеруіне себеп болады.


ТАРАЗЫ мен САРЫШАЯН

Таразылардың өмір сүрудегі басты ұраны – «Тыныштық пен бейбітшілік!». Ал Сарышаяндар «Қанға – қан, жанға – жан!» қағидасын қатаң ұстанады. Екеуі де өз ұстанымдарына берік, басқаша көзқарасты қабылдай алмайды. Сондықтан, белгі иелері бір-бірін мүлдем түсіне алмайды, түсінгісі келмейді де.


АРЫСТАН мен БИКЕШ

Бұл екеуі жұлдызнамада қатар тұрғанымен, өмір жолында қатар жүре алмайды. Тым алшақ арақашықтық ұстамаса, сөзбен тістесіп, жаға ұстасып қала береді. Оған себеп екі жақтан да бар. Арыстандардың өзімшілдігі, өзінен басқаның мәселесіне бас қатырмауы Бикештің ызасына тиеді. Басқаларға білдірмегенмен, екеуі де іштей бір-бірін жек көріп, жеп қоя жаздап өмір сүреді.


БАЛЫҚТАР мен ТАУЕШКІ

Олардың көзқарасы ешқашан бір нүктеге тоғыспайды. Өйткені, Тауешкілер ескі көзқарастың, қатаң қағиданың адамы. Тек логикаға келетін, шынайы нәрселерге ғана сенеді. Ал Балықтар ғажайыптарға сеніп, тәтті қиял әлемінде өмір сүргісі келеді. Осы екі түрлі сенім олардың одағына сына түсіреді де тұрады.


ШАЯН мен МЕРГЕН

Әр қадамын аңдап басады, жаңа нәрсені бастау үшін он ойланып, мың толғанады. Мергендер болса, белгі иесінің осы әдетін түсіне алмай әлек. Олар үшін бәрі тез болуы керек. Ойға идея келді ме, атып тұр да, іске кіріс. Бастадың ба, қарқыныңды бәсеңдетпей, бұрқырата шауып, соңына бір-ақ жет. Осындай айрымашылық олардың арасында жақсы қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік бермейді.


ЕГІЗДЕР мен СУҚҰЙҒЫШ

Аталғандардың екеуі де жалпы алғанда жаман адамдар емес. Алып бара жатқан ауыр мінездері де жоқ. Әйткенмен, олардың арасындағы байланысты бұза беретін – көзқарастарының әртүрлілігі, пікір қайшылықтары. Олардың арақатынасы достық болса да, туыстық не ерлі-зайыптылық, әріптестік болса да, үнемі бітпес дау, шешілмес түйіндермен өріледі.

Аударған: А.Бектұрған,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

КІМДЕРГЕ кешкі сағат тоғыздан кешікпей ҰЙҚЫҒА ЖАТУ КЕРЕК?