КІМДЕРГЕ кешкі сағат тоғыздан кешікпей ҰЙҚЫҒА ЖАТУ КЕРЕК

0
6 194

Жұлдызды жорамал. Ертеңгі күніңіз бүгінгі ұйқыңызбен байланысты.


КІМДЕРГЕ кешкі сағат тоғыздан кешікпей ҰЙҚЫҒА ЖАТУ КЕРЕК

ағат қаншада ұйықтайсыз? Әр күні әрқалай ма? Әлде әр жолы жатар алдында теледидар қарап, телефон шұқылап, түн ауғанын білмей қаласыз ба?

Осылай жасап жүрсеңіз, түзелуге кеңес береміз. Себебі, астрологтар әр белгі иесі үшін ұйқыға жататын белгілі бір уақыт бар екенін, сол сағаттан қалмай жастыққа жантайса, ертеңіне жолының болатынын айтады.


ТОҚТЫ

Тоқтылардың әр күні қызу оқиғаларға, қарбалас тірлікке толы. Сондықтан күні сәтті, ісі өнімді болуы үшін түнгі уақытта жақсылап тынығып, ұйқысын қандыруы өте маңызды. Кешкі тоғыздан қалмай ұйқыға жатуға дағдыланса, әр күні сергек оянып, жеңіс пен жетістікке оңай жетеді.


ТОРПАҚ

Олардың күнінің сәтті өтуі, көңіл-күйінің жақсы болуы таңғы ритуалдардың дұрыс орындалуына байланысты. Таңертең асықпай кофе іше отырып бүгінгі күнге жоспар құруды жақсы көреді. Осы ритуалды дұрыс орындау үшін ерте тұру қажет. Ал ерте тұру үшін ертерек жату керек. Сондықтан, Торпақтар үшін сағат оннан аспай ұйқыға кеткен жақсы.


ЕГІЗДЕР

Қараңғы түссе болды, терең ойлар құшағына еніп, шырмауынан шыға алмай қалады. Ондайда көз қайдан ілінсін? Нәтижесінде ертесіне ұйқысы қанбай не кеш тұрып, баратын жеріне кешігіп жүргені. Осы жағдайды болдырмау үшін мазасыз ойлардың оянуына мүмкіндік бермей, он бірге дейін ұйықтап қалған абзал.


ШАЯН

Ерте тұрғанды жақсы көреді. Бірақ, көбіне шаруалармен кеш батқанша жүріп қалады. Астрологтар белгі иелеріне кешке қарайғы жұмысты алдын-ала жоспармен жасап, ертерек үйге қайтуға, он бірден қалмай ұйқыға жатып, тынығуға кеңес береді.


АРЫСТАН

Белгі иелерінің арманы көп, мақсаты биік. Соларға жету жолында көп еңбектенуге тура келеді. Содан да ұйқыға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік таппай жүргені. Жұлдызшылар Арыстандарға қандай жағдай болса да, түнгі он екіге қарай бар шаруаны ысырып, жылы төсекке бас қойған жөн дейді.


БИКЕШ

Бикештер алдын-ала жоспар құрып, сол бойынша жүреді. Күн тәртібі таңда ерте тұрумен басталып, кешкісін сегіз, ең арысы тоғыздан қалмай ұйықтаумен аяқталады. Осындай уақытта ұйқға жатқандықтан, ертесі күні тынық та сергек, тау қопарар құлшыныспен оянады.


ТАРАЗЫ

Таң – Таразылар үшін тәуліктің ең қиын бөлшегі. Өйткені, түнде қанша ерте жатам десе де, он екіден аспайынша көзі ілінбейді. Содан да таңертең ұйқысы қанбай, ашулы күйде, өзі оянса да, миы оянбай, жартылай ұйықтап жүреді. Белгі иелері біршама тірлігін түнгі он екіге дейін бітіріп тастап, таңертең өзіне ұйқысын қандыруға мүмкіндік бергені дұрыс екен.


САРЫШАЯН

Күндізге қарағанда түнде ісі өнімді, ойы ұшқыр, санасы сергек болады. Осыны дұрыс пайдаланып қалу үшін Сарышаяндарға да түнгі бірге дейін жұмыс істеуге рұқсат. Тек таңертеңгі міндеттерін сәл азайтып, ұйқысын қандыруға мүмкіндік тапса болғаны.


МЕРГЕН

Тап түнге қарай бойына энергия құйылғандай, ойына небір керемет идеялар ағыны келіп жатқандай болады. Содан да көбіне түн ауып, кейде тіпті таң қылаң бергенше тіршілігін жалғастыра беруі мүмкін. Түнгі бір не екіде ұйықтау олар үшін қалыпты жағдай секілді. Солай-ақ болсын. Тек күндізгі уақытта бір көз іліп алған артық болмайды.


ТАУЕШКІ

Белгі иелерінің ұйқысы қанбай қалса, ісі де өнбейді, көңіл-күйі де болмайды. Бар ойы, ықыласы ұйқыға ауып тұрады. Бүкіл күнді шаршау, ұйқысыраған қалыпта өткізгісі келмесе, тоғыз-оннан қалмай құс жастыққа жата кеткені жөн.


СУҚҰЙҒЫШ

Түнгі уақытта өз-өзімен, өз ойларымен оңаша қалғанды ұнатады. Тәттімен шай ішу, поп-корнмен фильм қарау, кітап оқу сияқты ритуалдары бар. Ондай әдеттер жақсы-ақ, бірақ он екіден қалмай ұйықтау керегін де ұмытпаған дұрыс.


БАЛЫҚТАР

Ұйқыны жақсы көретін жандардың бірі. Сондықтан, ұйқы уақытын ұрлайды, аз ұйықтап, дұрыс тыныға алмай қалады деген ойлардың өзі артық. Белгі иелері өздері-ақ он-он бірдің шамасынды жылы төсекке құлай кетеді.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

СІЗГЕ бұрын жасаған ОСЫ ҚАТЕҢІЗДІ түзету керек