ТАБЫСыңызды көбейтудің бір ғана ҚҰПИЯСЫ

0
3 377

Осылай жасасаңыз, ақшаны магнитше тартасыз.


ТАБЫСыңызды көбейтудің бір ғана ҚҰПИЯСЫ

ТОҚТЫ

Сіз үшін мол табыстың кілті – саулықта. Өзіңізді күтіңіз, денсаулығыңызды сақтаңыз. Жан-дүниеңізде бәрі жақсы, ресурсыңыз толық болса, ақша каналы да барынша ашылып, қаржы ағыны келе бастайды.


ТОРПАҚ

Сіздің табысыңыздың аз не көп болуы адамдармен қаншалықты тіл табыса алатыныңызға байланысты. Жаңа таныстықтар іздеңіз, араласатын ортаңызды кеңейтіңіз, бәрімен жақсы мәміледе болыңыз.


ЕГІЗДЕР

Сіз эмоционалдық жағдайыңызды ретке келтіріп, өзіңіз басқара алатындай болғанда ғана қаржы каналы ашылады. Психолог не психотерапевт қызметіне жиі жүгініп, жан дүниеңізді артық нәрселерден тазартып тұрыңыз. Сонда табысты жандардың біріне айналасыз.


ШАЯН

Байлық белгілері, ақша шақыратын ырымдар мен бұйымдар сізге шынында жақсы көмектеседі. Сондықтан, үйде, қалтаңызда, жұмыс үстеліңізде ақша шақыратын заттар болсын. Сонымен қатар, жомарттық та жолыңызды ашады.


АРЫСТАН

Сіздің кірісіңізді көбейтетін – тәртіп. Жұмысқа, кәсіпке қатысты ғана емес, жеке өміріңізді де, ұйықтау, тамақтану режимдерін бір жүйеге келтіріп реттеңіз. Тәртіп орнатыңыз және одан ауытқымаңыз. Сонда ақшаңыз да көбейе түседі.


БИКЕШ

Табыс көлемін арттыруда қолдануыңызға болатын құрал – дипломатиялық қабілетіңіз. Тиімді одақ құруға талпыныңыз, серіктестермен барлық мәселені ың-шыңсыз шешіп, қандай дау болса да, бітімгершілік орнатыңыз. Бұл бақ-берекеңізді арттырады.


ТАРАЗЫ

Қызу, белсенді өмір ақшаны өзіңізге қарай магнитше тартады. Әсіресе, жеке өміріңіз қызықты оқиғаларға, жаңалықтарға, сезімге, романтикаға толы болған сайын, қалтаңыз да қалыңдай түседі.


САРЫШАЯН

Көзқарасыңыз қаншалықты кең, түсінігіңіз қаншалықты мол болса, табысыңыз да соншалықты көп болады. Жаңа білім алуға, таным көкжиегін кеңейтуге, жиі саяхаттауға тырысыңыз.


МЕРГЕН

Қатаң тәртіп пен айқын мақсат – сізді табысқа жетелейтін екі жетек. Ақшаға саналы түрде қарап, барынша орнымен жұмсауға тырыссаңыз, ол да сізге қарай тартыла береді.


ТАУЕШКІ

Сіз өзгелерге ұқсамауға тиіссіз. Өз қызметіңізді не тауарыңызды ерекше етіп ұсынған кезде ғана байлық каналы ашылып, мол ақша сізді адаспай табатын болады.


СУҚҰЙҒЫШ

Қайырымдылық туралы ұмытпаңыз. Әлсіздерге күш беріп, қарны ашқанға ас ұсынып, басқа адамдардың игілігі үшін қызмет жасасаңыз, шыққан шығынның орны артығымен толады.


БАЛЫҚТАР

Өзінің өмірлік миссиясын, позициясын айқындап, сол жолда қызметті бастағаннан-ақ ақша өздігінен құйылып келе бастайды. Бар құпиясы сол – өзінің болмысын бар қалпында қабылдау, арман-мақсаттарын әлемге жариялаудан қысылмау.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

СІЗ үшін СӘРСЕНБІДЕН ДЕ СӘТТІ күн бар