​СІЗ үшін СӘРСЕНБІДЕН ДЕ СӘТТІ күн бар

0
3 959

Осы күні бастаған шаруа үнемі оңынан шешімін табады.


​СІЗ үшін СӘРСЕНБІДЕН ДЕ СӘТТІ күн бар

Аптаның сәрсенбіден де сәтті күні бар. Қай күн екенін білгіңіз келсе, жұлдызбелгіңіздің көмегіне жүгінесіз. Дәл сол күні астрологтардың кеңесін қолдансаңыз, сәттіліктің құйрығынан шап беріп ұстайсыз. Жеңіс те, жетістік те сіздікі.


ДҮЙСЕНБІ – Торпақ, Таразы

Аталған белгі иелерінің осы күні тұла бойы күш-қуатқа, ой-сансы жақсы идеяларға толы болады. Сүйікті ісімен айналысуға деген құлшынысы зор. Дүйсенбіде қолға алған барлық бастамалары сәтті аяқталады, мәселелер жеңіл шешіледі. Бұл күні кез келген жанды баурап алу, дегеніне көндіру, тіл табысу да оңай.


СЕЙСЕНБІ – Шаян, Суқұйғыш

Мансап баспалдағында көтерілу, еңбекақы көлемін арттыру үшін ең қолайлы күн. Осы күні бастаған шаруа үнемі оңынан шешімін табады. Сондай-ақ, Шаяндар мен Суқұйғыштар өмірлерінде маңызды орын алатын адамдармен дәл осы күні танысады. Сейсенбіде тек жүрегін, түйсігін тыңдаса болғаны.


БЕЙСЕНБІ – Тоқты, Сарышаян

Бұл күні белгі иелері қызметке қатысты да, жеке өмірге қатысты да кез келген шаруаға батыл әрі позитивті көңіл-күймен баруға тиіс. Сондай-ақ, көптен маза бермей жүрген маңызды сұрақтардың жауабын дәл осы күні іздесе, оңды жауап табады. Армандарын жүзеге асыру үшін де осыдан артық күн жоқ. Бір сөзбен айтқанда, аталған белгі иелері үшін бейсенбі – барлық шыңды бағындыратын күн.


ЖҰМА – Бикеш, Балықтар

Осы күні белгі иелерінің өмірінің барлық сферасында сәттілік орнайды. Жұманы жақындарымен өткізсе, жағымды әрі пайдалы болмақ. Жұмадағы таныстықтардың арқасында өмірлік серігін, ең адал достарды, бірге жетістіке жететін бизнес-серіктестер табады.


СЕНБІ – Арыстан, Мерген

Бұл күнді белгі иелері өздеріне арнағаны жөн. Сенбіде өз ішіне үңілсе, басқа күндерге азық болар көптеген тың ойлар, күш-қуат табады. Жақсы мен жаманды, дос пен дұшпанды ажырату үшін, өткені мен болашағын саралау, күрделі мәселенің күрмеуін шешу үшін де оңтайлы күн.


ЖЕКСЕНБІ – Егіздер, Тауешкі

Осы күні белгі иелерінің бойындағы барлық жақсы қасиеттері жүз пайызға қосылып тұрады. Әсіресе, көшбасшыға тән қабілеттер. Позитивті көңіл-күй бойларына қанат бітіріп, өмірді жақсы жаққа қарай өзгертуге мүмкіндік туады.


Енді Сіз үшін бір аптда екі сәтті күн бір. Біреуі – сәрсенбі болса, екіншісі – өз жұлдызбелгіңіздің күні.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

«МЕН СЕНІ СҮЙЕМІН» деген сөзді кім қалай айтады?