​Туған жылыңыздың соңғы саны Сіз жайлы не дейді?

0
2 124


​Туған жылыңыздың соңғы саны Сіз жайлы не дейді?

Әрбір адамның туған күні белгілі бір мән-мағынаға ие екенін, оның астарында бірқатар ақпараттар жасырылғанын нумерологтар көптен айтып келеді. Неше түрлі математикалық есептеулерге сүйеніп, сан алуан болжамдар да жасалып тастаған. Бұл жолы ешқандай есептеуге сүйенбей, тек туған жылыңыздың соңғы саны бойынша берілетін сипаттаманы оқып көріңізші.


0 және 1 – Металл стихиясы

Металл адамдарға мықты мінез, тәуелсіздік, өміршеңдік, жағдайға тез бейімделетін қабілет сыйлайды. Бір қарағанда өте сабырлы жандар, бірақ өз позициясын қорғауда ешкімнен, ештеңеден тайсалмайды. Өмірінде тұрақтылық, үйлесім мен баланс сақталуы үшін бәрін жасайды. Өзіне сенімді, қалауына қалай қол жеткізу керегін біледі әрі ешқандай кедергіге мойымастан жете алады.


2 және 3 – Су стихиясы

Олар тартымды, жұмсақ жүректі, мейірімді әрі қайырымды болып келеді. Кез келген өткір тұстарға шаншылмай, даулы мәселелерге ілінбей, әдемі айналып өте алады. Интеллект пен интуициясы, қиялы жақсы дамыған, адамдармен тез тіл табысады. Оларды жетістікке жетелейтін қасиеттері де осылар.


4 пен 5 – Ағаш стихиясы

Бұл стихия аясында туғандар – сенімді серік, не нәрсені болсын білуге құмартып тұратын жандар. Өзіне келгенде өте қатал. Харизмаға толы, адамдарды сөзіне сендіре, энергетикасына бөлей алатын, ашық әрі креативті тұлға. Қолында барға қанағат етеді, аспандағы айды алам деп тыраштанбайды.


6 мен 7 – От стихиясы

«Оттың балалары» – жаңа әсер алу мен өмірді өзгерту жолында жанын беретіндер. Өте белсенді, кез келген ортада көшбасшылық рөлін бірден өз қолына алатын тұлға. Олардың бойында жеңіске деген жігер, мақсатқа ұмтылушылық қайнап тұр. Бір орында тоқтап қалмайды, әрқашан қозғалыс үстінде.


8 бен 9 – Жер стихиясы

Жер стихиясы өз балаларына асқан төзімділік, сабырлылық, жауапкершілік сезімін сыйлаған. Интуиция мен логикалық ойлау қабілеті қатар дамыған. Әр қадамын алдын-ала асқан дәлдікпен есептей білетіндіктен, сәтсіздік, жеңіліс дегендерге аса соқтыға бермейді. Әсіресе, финанс пен кәсіп, қызмет мәселелеріне келгенде қателесе қоймайды.

Аударған: А.Бектұрған,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Саусағыңыздағы САҚИНАНЫҢ жасырған СЫРЫ бар, білесіз бе?