Жұлдызнама бойынша: КҮЙЗЕЛІСпен қалай КҮРЕСУ керек?

0
1 657


Жұлдызнама бойынша: КҮЙЗЕЛІСпен қалай КҮРЕСУ керек?

Фото: Magomania24.ru

Күйзеліс – әрбір адамның өмір жолында болмай тұрмайтын жай. Әсіресе, күрең күз бен қаһарлы қыста көңілсіздік пен енжарлық бойды билейді. Сіздің де дәл қазір ешқайда барғыңыз келмей, ештеңеге зауқыңыз соқпай, ешкімді көргіңіз келмей жүр ме? Ендеше, бұл күйді көпке созбай, күресіп, өмірге құлшынысты ояту керек. Алғақшы қадамды жұлдыз белгіңізден бастаңыз.


Тоқты

Олардың күйзеліске қарсы қаруы – физикалық белсенділік. Қимыл-қозғалыс азайған сайын Тоқтылар өше береді, күйзеліс өрши түседі. Тек өзін желкелеп орнынан тұрғызып, жаттығу жасап, спортзалға аяқ басқандар көп ұзамай сарыуайымнан да, сүлесоқтықтан да арылады.


Торпақ

Олардың емі – хош иісі аңқыған ақ көбікті бұлау мен дәмді кешкі ас. Жағымдыны да, жағымсызды да тері жанасуы арқылы қабылдайтындықтан, судың көмегімен теріні тазарту Торпақтар үшін міндетті. Бар негативті солай ғана жуып тастай алады. Ал, артынан ыстық шай не кешкі ас ішу арқылы шекесі жібіп, шылқып терлесе, бойы жеңілдеп, желпініп, жалындап шыға келеді.


Егіздер

Көңілді басқан күйзелістен арылу үшін оларға жаңа орта мен жаңа таныстық керек. Көпшілік ораға түсу арқылы ойы бөлініп, жаңа идеялар ағыны келеді. Олармен бірге өмір сүруге құлшыныс та оралады. Сондай-ақ, Егіздер дене икемділігі мен ептілік белгісі болғандықтан, гимнастика жасау да жақсы көмектеседі.


Шаян

Көңілді басқан мұң мен сананы улаған сарыуайымнан арылу үшін Шаяндарға өзінің сүйікті орнына барып тынығып қайтса болғаны. Әркімнің сүйікті орны әрқалай:

  • бір Шаяндар үшін ауылға барып арқаны кеңге салып, ауылдастармен арқа-жарқа әңгіме-дүкен құру;
  • тағы бір Шаяндар үшін сүйікті тамақтану орнына барып дәмді ас ішу;
  • енді біреулері үшін табиғат аясында таза ауамен кеудені кере тыныстау;

тағысын тағылар.


Арыстан

Олардың жабырқаған жанын жарыққа шығу ғана жадыратады. Жарыққа шығу – көпшілік орынға, іс-шараға, көңілді отырыстарға бару. Арыстан үшін жай ғана барып-қайту жеткіліксіз. Ортаның гүлі болып, бар назарды өзіне аудару, мақтау-мадақтауға бөлену керек. Сонда ғана күйзелісті жеңіп, үйреншікті жарқ-жұрқ өміріне қайта оралады.


Оқи отырыңыз:

Қыстағы жағдайымыз қандай болмақ?


Бикеш

Олардың құтқарушысы да, жұбатушысы да – жұмыс. Сүйікті ісіне қуат жұмсау арқылы қайта қуатталады. Сондықтан, көңілді кір басқанда кешкісін кеңседе қалып қойып бірер сағат артық жұмыс жасаудың пайдасы көп. Бір оқпен екі қоян атып алады: әрі күйзелістен арылады, әрі шаруасы азаяды.


Таразы

Таразылардың күйзеліске түсуінің себебі көбіне сәтсіз қарым-қатынастан болады. Ал, жақсы қарым-қатынас бойына қуат бітіреді. Сондықтан, еңсесі түсіп, езіле бастаса, жақын адамдармен сөйлесіп, сырласуға асыққаны жөн. Жан дауасын осылай ғана табады.


Сарышаян

Күйзелістің торына ең көп түсетін белгі – Сарышаян. Жалғыздық, жабырқау, мұң дегендер жанына жақын. Әйткенмен, көтеріңкі көңіл-күй, позитив керек-ақ. Оған қол жеткізу үшін Сарышаяндарға адреналин, қан қыздыру керек. Биіктен секіру, үрей тудыратын ойын-сауықтар, т.с.с. жарқын эмоция сыйлайды.


Мерген

Белгі иелеріне күйзелістен арылып, көңіл кірін жуу үшін бар керегі – саяхат. Шетелге шығу олар үшін демалыс қана емес, дүниетанымын кеңейтіп, білім қорын толықтыратын мүмкіндік. Ал, жат жерге саяхаттауға жағдай келмесе, жай ғана ғаламды ғаламтор арқылы шарлаудың өзі жақсы нәтижеге жеткізеді.


Тауешкі

Олар көбіне көздеген мақсатына жете алмаған жағдайда депрессияға бой алдырады. Сондықтан, қашан да ойға алғанын орындау үшін алған бетінен қайтпай, құласа да, қайта тұрып әрекет ету маңызды. Ол мақсаттың үдесінен шығу мүлдем мүмкін болмаса, өзін қайта қолға алуға басқа жоспар құрып, басқа мақсат қою көмектеседі.


Суқұйғыш

Суқұйғыштардың депрессияға қарсы басты қаруы – шығармашылықпен айналысу. Құлазыған сәттерде көңілі нені қалайды, соны жасағаны абзал. Тіпті ол миға қонымсыз тілек, баланың әрекеті не ешкімнің ойына келмейтін тірлік болса да.


Балықтар

Балықтар – депрессияға ең көп душар болатын белгі. Өйткені, олар үнемі ой үстінде. Бүкіл адамзаттың болашағына алаңдайды. Бұл күймен күресу көбіне нәтижесіз. Жер бетінде осылай қоршаған ортаның қамын, басқаның бабын ойлап уайымдап жүретін біреулердің де болуы керектігін ескерсек, мүмкін Балықтаға күйзеліспен күресудің керегі шамалы шығар.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ