Қыстағы жағдайымыз қандай болмақ?

0
3 303

Суыққа тәніңізбен қоса жаныңыз жаурап, алдағы қысты уайымдап отырсыз ба әлде «алақай, қар атысып, сырғанақ тебетін болдым» деп балаша қуанып жатырсыз ба?


Қыстағы жағдайымыз қандай болмақ?

Фото: Tvojajbolit.ru

Күздің соңын ала қыс кеп қалғанын ескерткендей аспаннан ақ ұлпа төгілуде. Жаз бен күздің жайдары күнін аз уақытта ысырып, бір сәтте бүрсеңдетіп қойды. «Қыс келді» деген сигнал миға барып түпкілікті орнықты. Осы уақытта көкейлерді «Биылғы қыс қалай болар екен?» деген уайым басады. Енді біреулер қар-мұзды да, қиындығын да елең қылмай, «аққала жасап, сырғанақ тебетін болдым» деп балаша шаттанады. Сіз қай қатардансыз?


Тоқты

Олар үшін қыс – қиын мезгіл емес. Табиғаттың заңдылығы деп қалыпты қабылдап, алдын ала отын-суын, жылы үй, қалың киімін қамдап қояды. Аяқ астынан күн суытып кетуі мүмкін екенін ескеріп, күн шығып тұрса да үстіне «қабат-қабат қаттамасын» іліп алады. Тұмауға қарсы екпене де елден бұрын қабылдайды. Суыққа шалдықпауға, еш жерден микроб-бектерия жұқтырмауға барын салып, сақтық шараларын қатаң ұстанады. Соның арқасында қыстан ауырмай-сырқамай шығады.


Торпақ

Торпақтар қыс келгенін өмірінің соңы келгендей қабылдайды. «Осы қыстан аман шықсақ», «Алдағы көктемге ілінсек» - қыс бойы айтатыны осы. Олар үшін қытымыр мезгіл қыркүйектің қара суығымен-ақ келіп қойған. Содан беру суыққа шағым айтып, үсікке шалдығып, бір-екі рет ауырып-аунап тұрып үлгерген. Үйінен жылы жамылғы, тоқыма жемпір, жүн шұлық, мақта шалбардың түр-түрі табылады. Аяз бен боран, қар мен мұз дүниедегі ең жаратпайтын құбылыстарының бірі. Бұл мезгілде оларды сеуенге шығуға, сығанаққа баруға, жалпы ешқандай жолмен көңіл көтеруге шақырмай-ақ қойған абзал. Өз көңілін көтеру былай тұрсын өзгенің көңілін түсіріп жібереді.


Егіздер

Олар үшін қыс не, жаз не – бәрі бір сауық-сайран. Қыстың қар-мұзы, қара суық, қытымыр аяз- қыдыру үшін ешқайсысы да кедергі бола алмайды. Қашан көрсең бірде ана досының, енді бірде мына туысының үйіне қыдырыстап, отырыстан отырыс қоймай, сауда орындарын аралап көңіл көтеріп жүргені. Күннен қорғайтын көзілдірігін қыста да тастамайтынына қарағанда, айналада қандай аяз болып жатса да, олардың жүрегінде үнемі жаз секілді.


Шаян

Олар қыста қинала қоймайтындар қатарында. Өйткені, жаз бойы қыстың қамын ойлап, құмырсқаша еңбек еткен. Жертөлесі тұздаған көкөністерге, мұз қатқан азық-түлікке, кепкен жеміс пен тосап-салаттарға толы. Өз отбасына, келім-кетім қонағымен қоймай, тағы бір отбасыны қыс бойы асырауға жетерлік азық жинап қойған. Ендігі қалғаны тек отты жағып қойып, қазанды қайнатып, дастарханды жайнатып қойып, туған-туысты үйге шақырып, жылы үйде «қысқы кештерді» өткізу. Ешкім келмесе де көңілі түспейді. Қабырға сртында ақ қарлы боран болса да, үй ішіне ол әсер етпейді. Маужыратар тыныштықтағы үй ішінде пеште жанған оттың сықыры мен гүрілін тыңдап отыру да оларға үлкен рахат сыйлайды.


Арыстан

Олар қыста да белсенді. Көпшілік ортасында жүруге әбден әдеттенген Арыстандар үйде бір күн йде отыра алмайды. Жұмыстан бос уақытында бірде сырғанаққа, енді бірде шаңғы тебуге, тағы бір күні тауға шығуға аттанып бара жатады. «Қозғалыс көп болған сайын жеңіс те көп» деген қағиданы ұстанатындықтан, оларды қыстың қандай аязы болмасын бір орында кідірте алмайды.


Бикеш

Қысты жаны сүймейтіндерді бірі – Бикештер. «Аяқ басқан жердің бәрі қар-балшық, аспан жылауық балаға не кәрлі кәрі шалға айналғандай, сыртқа шықсаң, мұрныңнан су ағып, сәлден соң кірпікке сүңгі қатады» - олардың қиялындағы қыс бейнесі осындай. Бірақ, одан қашып құтыла алмайтынын мойындап, осындай күй кешіп жүрген жалғыз өзі емес екенін ескеріп, бәрі өткінші деген оймен жұбанып, сабасына түседі. Бойды босаңсытып, денені жылытатын «сусындар» да осындайда Бикешке үлкен көмек.


Таразы

Олар қыстан көптеген көркемдік табады. «Жарайды, суық, жарайды, қар жауды, жел тұрды, ок, бірақ, айналаға қарашы, бәрі әдемі емес пе?» - ойы да, айтар сөзі де осы. Қар түйіршіктерінің баяу қалықтап түскені, олардың әрбірінің бір-біріне ұқсамайтын пішіні, құйындатқан желдің қар бетіне салған суреті, аяздың терезеге салған өрнегі – тұнып тұрған «суық сұлулықты» көретін көз Таразыда ғана ма дерсің! Олар үшін қармен ойнап, аққала соғып жүрген балалардың өзі өнер туындысы, шебер суретшінің картинасы секілді. Бір сөзбен айтқана, Таразылар қыстан тек эстетикалық ләззат алады. Ал суыққа келер болсақ... Ол да сәнді тон, әдемі шапкасын киіп, стильді мойынорағышқа оранып, сұлу болып жүрге бір себеп қана.


Оқи отырыңыз:

Туған жылыңыздың соңғы санында бір сыр бар


Сарышаян

Олар мүмкіндік болса қыстың ызғарына бет-үзін тоңдырмауға тырысады. Осы талпынысы жылы жаққа магнитше тартып тұрады. Сондықтан да Сарышанядар еңбек демалысын қысқа туралап, артық ақшасын осы мезгілге жинап отырады. Сәті түссе, жылы аймаққа демалысқа аттанып кетеді. Аз уақытқа болса да, қыстың бір бөлшегін жылы жазға алмастыру арманы. Суық пен жайсыз ауа райын суқаны сүймейді.


Мерген

Олар аю секілі, күн суыта бастаса болғаны, жылы ұяда ыстық шәйді қолға алып, кітап оқуды немесе қалың көрпеге оранып ұйқы құшағына енуді армандайды. Күз бен қыста меланхоликке айналып, өмір жайлы көп ойланады, түрлі тақырыпта толғанады. Демалыс алып, телефонын өшіріп тастап, байланыс аясынан тыс жерде болғысы келеді. Қалайтыны – оңашалық пен тыныштық. Нәтижесінде, бір қыс үйден шықпай жата алса, бір кітап жазып тастауы да ықтимал. Ал, сыртқы әлемнен оңашалануға мүмкіндік болмаса, «Көп ұзамай көктем де келеді. Тек, кішкене күту керек»... деп өзін алдарқатып күн кешеді.


Тауешкі

«Алақай, қыс келді!» - осы бір қуанышты оймен бірге «коньки», «шана», «шаңғы», «сырғанақ», «аққала» деген сөздер де жарыса келіп жатады. Бұл – Тауешкілердің күйі. Қыста олардың ішіндегі каникулға шығып, сабақтан босаған, бар уақытынбеті дмбығып далада өткізетін кішкентай бала оянады. Бірақ, бұл күйі ұзаққа бармайды. Ары кетсе бес күн. Алтыншы күні қыс қызығы басылады, өзінің ересек адам кені есіне түсіп, тіршілік қамын жалғастырады. Күн суық деп оранып жатып алмай, күнделікті күйбең арасында мұражайға, көрмеге, қонаққа баруға уақыт табады.


Суқұйғыш

Олар қыстың суығын сезбейтіндей. Термомеотр минус екіні көрсетіп тұрса, ол үшін күз. Алда-жалда отыз градустық аяз бола қалса да қыңқ демейді. Ондағы айтатыны – «бір-екі күндік салқын ғой, өтеді де кетеді». Қар жауып, боран тұрып, бұрқасын болып жатқанда, алдағы аптада күн жылынатынын айтып өзін де, өзгелерді де жұбататын – Суқұйғыш. Қыс ортасында күннің көзі көріне қалса, «жаз шыққанын, Күннің шуағына арқасы қызғанын» қайта-қайта айтып, жүректерді жылытатын – тағы да Суқұйғыш.


Балықтар

Олардың қыстағы көңіл-күйі мезгілдің ауа райындай құбылмалы. Бірде «тоңамын» деп үйден шығуы қиын, енді бірде кірпігіне қырау қатса да, мұз айдынынан қайтуы қиын. Айналаны ақ ұлпа жапқан сұлулыққа құмарта қарағанмен, градусниктегі «суық көрсеткішті» көргенде көңіл-күйі түсіп кете салады. Бірақ, қыстың жайсыз ауа райы шығармашылығын шарықтатуға кедергі емес. Жылы пештің жанында отырып тоқыма тоқу, тігіс тігу, сурет салу, өлең жазу, фильм қарау, кітап оқы сындылармен айналысып, өзін рухани дамытудан ләззат алады. Олар үшін қыстың басты пайдасы осы.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ