Жұлдызнама: ҚАСИЕТІҢІЗДІ қадірлесеңіз, ҚАБІЛЕТІҢІЗ де артады

0
5 100


Жұлдызнама: ҚАСИЕТІҢІЗДІ қадірлесеңіз, ҚАБІЛЕТІҢІЗ де артады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Тоқты

Бұл жұлдызнама белгісінің өмірлік күші – өзін-өзі түзету арқылы нәтижеге жету. Тоқтылардың тамаша белсенділігі батыл әрекет етуге мүмкіндік береді және көпшілігі өз өмірін түбегейлі өзгертуге қабілетті болады. Бірақ, эмоцияға беріліп, жағымсыз жағдайларға тап болудан сақтанғаны дұрыс.


Торпақ

Торпақтар мықты әрі өздеріне сенімді болады. Олардың көпшілігі басқа белгілерге қарағанда ішкі күйзелістерді тез жеңеді екен. Кей кездерде кенеттен өз күштерін жоғалтып алатын сәттер болып тұрады.


Егіздер

Ал, егіздердің жақсы өмір сүруіне айналасымен қарым-қатынас жасай білуі, дамыған ой-өрісі көмектеседі. Олардың өмірлік күші – барлық сұрақтардың жауабын іздеу. Сондықтан, көпшілігі бір жерде ұзақ уақыт бойы тұрақтай алмайды және барлық жаңалықтардан хабардар болғысы келеді. Кейбіреулері қиыншылықтар туындаған кезде мәселесін өзі шешуден қашып, көмек сұрайды.


Шаян

Шаяндардың өмірлік күші – құрған шаңырағын берік ұстауы. Көпшілігі үлкен сезімталдыққа ие болады және жақын адамдарының қамқорлығы мен сүйіспеншілігін қажет етеді. Сонымен қатар, бір іс барысында үлкен қателік жіберіп алса, депрессияға түсуге дайын тұрады.


Арыстан

Бұл жұлдызнама белгісінің өкілдері батыл, дарынды болып туылады. Олардың мақсаты – адамдарға өмірлік сынақтардан қалай өту керектігін көрсету және мәнін өз ісімен ұғындыру. Сол себепті де, арыстандар кез келген адамды жігерлендіре алатын қасиетке ие болады.


Бикеш

Бикештердің өмірлік қуаты – дамыған ойлау жүйесі. Негізінен, олар кез келген адамның іс-әрекетін болжай алатын, әлемдегі жағдайларды талдауға қабілетті адамдар болып есептеледі. Ал, қоғамды жақсы жаққа өзгерте алмаса, депрессияға тап болуы мүмкін.


Таразы

Таразыларға өмірдің берген сыйы – махаббат. Сондай-ақ, олар мақсатына өз күшімен жете алады және моральдық тұрақтылығы таңданарлықтай. Ал, кейбір таразылардың кемшілігі – ісін кейінге қалдырып, ниетін жоғалтып алуы.


Сарышаян

Бұл белгі өкілдерінің өмірлік күші – қайраткерлерлігі және сүріндірген сынақтан кейін аяғына нық тұруы. Сонымен қатар, көптеген сарышаяндар жаңа оңды идеяларын қоғамға жеткізе алады және сол бойынша ортаны өзгертуге қабілетті. Алайда, олардың энергиясы әлсіз болғандықтан, эмоцияға беріліп кетуі мүмкін.


Мерген

Мергендердің өмірлік күші – адамдарға қоршаған ортаның жақсы жақтарынан таныстыру. Олар туғаннан көшбасшылық қабілетіне ие болады және көпшілігінің өз пікірі бар, өзгелердің сөзі әсер етпейді. Сондай-ақ, өз уайымын өзі жеңе алады.


Тауешкі

Ал, Тауешкілер – адамдарға алға қойған мақсатқа қалай жету керектігін үйретуге қабілетті және моральдық тұрғыдан мықты адамдар. Әдетте, олар өмірдің не қалайтынын біледі және басқаларға дұрыс кеңес беруге дайын жүреді.


Суқұйғыш

Бұл белгінің өмірлік күші – адамдарға адал қызмет етіп, дұрыс өмір сүруді нақты мысалдармен көрсете алу. Әдетте, олар рухани құндылықтарды материалдық құндылықтардан жоғары қояды. Сонымен қатар, қарапайым болып келеді.


Балықтар

Балықтар – ішкі қуаты мол, шығармашылыққа бейім, тағдырдың мәнін түсінуге қабілетті адамдар. Көптеген балықтар әр нәрсеге араласпай, өз әлемінде өмір сүреді. Сондай-ақ, олар адамдарға өз күшіне сену керектігін көрсете алады және кез келген мәселені жақсы істің бастауына айналдыра біледі.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:

Жұлдызнама: Өз белгіңізге қарап "карьера" жасауға болады

Жұлдызнама: ТАРАЗЫ - тұзды, ЕГІЗДЕР - тәтті тағамнан бас тартқанда ғана САЛМАҚ ТАСТАЙДЫ