иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Тоқты
Тоқтылар өте белсенді және спортты жақсы көреді. Тиісінше, оларға арықтаудың керегі жоқ сияқты. Алайда, Тоқты белгісінде туғандар дәмді тағамдармен тамақтануды ұнатады және олардың көпшілігінің калориясы мол болады. Сондықтан, тоқтыларға тамақтанудың қатаң тәртібін ұстану қажет.
Торпақ
Торпақтар да тәттіні көп жейтіндіктен, артық салмақ жиі мазалайды. Ал, одан құтылу үшін майлы және тәтті тамақтар тұтынуды азайту керек немесе жеке тамақтануды байқап көріңіз. Сонымен қатар, дене белсенділігі үшін гимнастика, йога немесе жүзуді таңдаған дұрыс.
Егіздер
Стресс пен күйзеліс – Егіздердің әлсіз жері және олар тәттілер мен фастфудты жиі тұтынады. Ал, денедегі артық салмақтан құтылу үшін егіздерге ақуызды диета сәйкес келеді. Сондай-ақ, жүгіру, жаттығу залына бару, би немесе доп ойындары секілді белсенді спорт түрлері көмектесе алады.
Шаян
Шаяндардың басты мәселесі – бұлшықет белсенділігінің төмендеуі. Яғни, олар спортты ұнатпайды, содан кейін әлсіз физикалық қалыптан зардап шегеді. Арықтау және белсенді болу мәселесін шешу үшін өзін-өзі тәртіпке келтіріп, қалаған жаттығу залынан абонемент алу арқылы жаттығуларға барулары қажет.
Шаяндарға ыңғайлы спорт түрлері мәнерлеп сырғанау, жүзу, йога болуы мүмкін.
Арыстан
Арыстандар салмағын қалпына келтіру үшін көкөністер мен жемістерді жиі тұтынуы қажет. Сондай-ақ, олар етті жақсы көретіндіктен, диетаны алма, лимон, қияр, сәбіз және әр түрлі шөптер арқылы ұстағаны дұрыс. Ал, белсенділікті арттыруға би, мәнерлеп сырғанау және басқа да спорт түрлері ыңғайлы болады.
Бикеш
Бикештер тамақты маймен пісіру, тәтті сусындар ішуді азайтып, табиғи йогурт, майсыз ет және көкөністерді жиі тұтынғаны дұрыс. Сонымен қатар ұқыпты болып келетін бикештерге дәлдікті қажет ететін семсерлесу, ату, суға секіру сияқты спорт түрлерін таңдаған жөн.
Таразы
Бұл жұлдызнама белгісіндегілерге ащы және тұзды тағамдардан бас тартып, мәзірге жүгері, сәбіз, қызылша, күріш қосу керек. Себебі, бұл өнімдер табиғи тұздарға бай болады, тиісінше дәмдеуіштердің қажеттілігін жояды. Ал, дене белсенділігін арттыру үшін атқа міну, у-шу спорты және басқа да жекпе-жек түрлері ыңғайлы болады.
Сарышаян
Арықтағысы келетін сарышаяндар күнделікті тұтынатын майлы тағамдарды және басқа да сүт өнімдерін балық, теңіз өнімдері мен жаңғақтарға алмастыруы қажет. Мұндай диета артық салмақтан арылта отырып, ағзаны пайдалы майлар және ақуыздармен сауықтырады. Сондай-ақ, дайвинг, су спортының түрлері немесе экстрималды туризм белсенділікті арттыруға көмектеседі.
Мерген
Қуырылған және майлы тағамдардан бас тартып, жұмыртқа, бауыр, бұршақ пен бидай өнімдері қосылған тамақтарды тұтыну. Бұл мергендердің артық салмақтан құтылуына және бауыр мен өт қызметінің жақсы сақталуына көмектеседі. Сондай-ақ, спорттың белсенді түрлері, тауға шығу және командалық ойындар да өз пайдасын тигізеді.
Тауешкі
Тауешкілер шоколад пен алкогольді сусындарды, калориясы көп өнімдерді тұтынуды азайтқаны дұрыс. Тиісінше, қырыққабат, шпинат, балдыркөк және т.б. жасыл көкөністер қосылған тағамдар денсаулыққа мол пайдасын тигізеді. Сонымен қатар, тауешкілерге кез келген спорт түрі көмектесе алады.
Суқұйғыш
Бір жерде тапжылмай отырғанды ұнатпайтын суқұйғыштарға белсенді туризммен, тау шаңғысы және велосипедпен айналысу тамаша мүмкіндіктер сыйлайды. Сондай-ақ, суқұйғыш белгісінің өкілдері диетаға ананас, цитрус, алма, жүзім және т.б. көкөністерді тұтынғаны дұрыс.
Балықтар
Балықтардың басты мәселесі – ағзадағы судың жетіспеуі. Сондықтан, олар ащы және тұзды тағамдардан бас тартуы керек. Оның орнына жаңғақ, анар, балық тағамдарын, кептірілген жемістерді тұтынғаны дұрыс. Ал, белсенділік үшін кез келген су спортын таңдауға болады.
Аударған: А.Мейірханқызы,