Әйел ​ТӨСЕКТЕ еркекке ҰНАУҒА МІНДЕТТІ ЕМЕС

0
5 863

Еркек те ӘЙЕЛГЕ ҰНАУҒА міндетті емес...


Әйел ​ТӨСЕКТЕ еркекке ҰНАУҒА МІНДЕТТІ ЕМЕС

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазір төсек айналасындағы мәселелерді қозғап, түйінін шешуге көмектесетін курстар, тренингтер мен сабақтар көп. Жеке сабақ өтетін коучтер де жеткілікті. Бірақ қайсыбірі болмасын (әсіресе қазақтілді) негізінен жыныстық қатынасқа қатысты мәселелерде алдымен «күйеуге ұнау» немесе «еркектің көңілінен шығу» дегенді басты орынға қояды. Сол сияқты, көбіне кеңестерде «серіктесінің көңілінен шығу» көп айтылады.


НЕГЕ?


Неге әйел төсекте жатқанда «ерімді қалай қанағаттандырам?» деп ойлауы тиіс? Неге әйелдің күйеуі ғана қанағаттануы керек? Неге өзі ләззат алмасқа?


Сол сияқты, неге кез келген жұп төсек жақындығында бірін-бірі ойлап жатуы керек? Неге әркім өзінің ләззатын, өз тоятын ғана ойламасқа?


Өзін ғана ойласа не болады? Ойламаса ше? Жәй ғана салыстырып көрейік.


Әйел ЕРКЕКТІҢ, ал еркек ӘЙЕЛДІҢ қанағаттануын ойласа...


  • Екеуінің де ойында «көңілінен шықсам, қанағаттандырсам» деген ой болады. Барынша әрекет етеді, миында тек «ұнап жатыр ма екен» деген сияқты күпті ой ғана болады.

  • Біреудің көңілінен шығуды ойлағанда адам өзін ұмытады. Өзі ләззат алудың орнына ойынан шықпай қалса, жабығып қалады.

  • Сол сияқты, мұндайда әйел де, еркек те өзінің тоятын екінші орынға қойып, жұбының қабағын сәл кірбің шалса мазасы кетеді. Мазасы қашқан адамның әрі қарай ісі де ойдағыдай шықпасы белгілі.

  • Өзі ләззат алмағанымен қоймай мұндай сәтте ол жұбына да тән тоятын сезіндіруі неғайбыл.

  • Өтірік қанағаттанған, ләззат алғандай дыбыс шығаруы да ғажап емес.

  • Ал шынайы ләззаттан шығартын ыңырсудың басқаша болатынын білетін жұптар үшін мұндай «жалған ләззат» төсекті суытып жіберуі мүмкін.

  • Өзін де, өзгені де «алдайтын» мұндай жыныстық қатынасқа келесі жолы екеуінің де «тәбеті» бола қоймас.

  • Сондықтан екеудің арасында көрінбейтін «қабырға» орнай бастайды. Ал мұның соңы жақсы болмайтыны белгілі.



ЕКЕУІ ДЕ ТӨСЕКТЕ ӨЗДЕРІН ОЙЛАСА...

Жыныстық қатынаста өзімшілдік болуы керек. Мәселен:


  • Әйел де, еркек те өз ләззатын ойлайды.

  • Өзі ләззат алған сайын оның әрекеті де, дауысы да шынайы және сенімді шығады.

  • Әйелінің немесе ерінің шын ләззат алғанынан қозып, құштарлығы одан сайын артады.

  • Жыныстық қатынастың да ең бір құпиясы сол, екі тән бірдей ләззат алғанда оргазм да қатар келеді. Ал қатар келген, бірдей сезінген оргазм ұмытылмас сәтті сыйлайды.

  • Келесі жолы мұндай ләззатты сәтті жұбайлардың күтері анық және оны міндетті түрде қайталағысы келеді. Тіпті, одан да керемет еткісі келіп тұрады.

  • Бұрын қандай да бір сенімсіздік, ұялу немесе сол сияқты кедергілер болса, ендігі жерде төсекте еркіндік пайда болады. Әйел де, еркек те ашық, сенімді және еркін әрекет етеді.


Кім үшін болса да өзінің сүйіктісінің тоят тапқанын көру – нағыз рахат. Сол себепті де жыныстық қатынаста әркім өзі ләззат ала білуі керек. Сонда ғана сүйіктісіне нағыз ләззатты түн сыйлайды.

Дайындаған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


Жыныстық қатынаста МҰНЫ ІСТЕГЕН әйел мен еркек ҰРЫСПАЙДЫ


Жыныстық қатынаспен «АМАЛСЫЗДАН» айналысу ҚАУІПТІ