​Жыныстық қатынаспен «АМАЛСЫЗДАН» айналысу ҚАУІПТІ

0
6 033

Құшағыңда жатқан жан «алма жеп» жата берсе...


​Жыныстық қатынаспен «АМАЛСЫЗДАН» айналысу ҚАУІПТІ

Әсіресе, қалауы жоқ жанды төсекте мәжбүрлеудің соңы қандай жағдайға апарады? Мұны да білген жөн. Көрпе астында амал жоқтан «бүлкілдеуге» көніп жүргендер үшін бұл мақала пайдалы болады деген үміттеміз.


ЛӘЗЗАТ АЛМАЙДЫ

Құмарлық, тәннің қалауы сияқты механизмдер іске қосылмаса, жыныстық қатынастың мәні болмайды.

Иә, жыныс мүшелерінің ылғалданбауын арнайы лубриканттармен амалдауға болар, бірақ көңіл-күйді қайтесіз?! Құшағыңда жатқан жан «алма жеп» жата берсе, өзіңізге де ыңғайсыз шығар?! Ондай жыныстық қатынасты екінші рет өзіңіз де қаламасаңыз керек.


ҚУАТЫҢЫЗ ЕКІ ЕСЕ КЕМИДІ

Бір-бірінен ләззат алып, төсектен қутыңдап тұратындар – жыныстық қатынастың нағыз рахатын сезінгендер. Соларға қарап «жыныстық қатынас қуат береді» деп айтуға болады.

Бірақ амалсыздан болатын жыныстық қатынастан адамның қуаты екі есе кемиді, одан кейін қатты шаршап, ештеңеге зауқы соқпайды. Өзін жәй ғана бір зат секілді сезінген жанның көңіл-күйі одан сайын төмендеп, әлсірей түседі.


ТӘУЕКЕЛГЕ БАРУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ

Егер жыныс мүшелерінде проблема болса, онда қалаусыз, амалсыз қатынасқа түсудің соңы қауіпке ұласады.

Еркінен тыс, өзін күштеп «осы менің міндетім ғой» дейтіндер ең алдымен сақтануды ұмытады. Содан соң денсаулығына кері әсер етіп, жоспарсыз жүктіліктің де болып қалуы ғажап емес. Бұл проблемаға проблема жамайтыны белгілі.

Тоят алмайтын жыныстық қатынастың соңы көбіне проблемаға әкеп соғады.


БАҚЫТ ГОРМОНЫ КЕМИДІ

Бір-біріне ынтызар екеудің арасында болған төсек ләззатынан соң олардың күле оянуы, сергек жүруі мен көңілді күйі – қалаулы жыныстық қатынастың арқасында.

Бірақ «төсек қатынасы бақытты етеді» деп онымен қалаусыз, амалсыз жиі айналысу кері әсерін береді. Өйткені, амалсыздан «көрпе бүлкілдету» - ауыр жұмыспен тең. Ауыр болғанда да, тәнге емес, көңіл-күйге зор салмақ түсіретін шаруа.

Бұдан кейін қандай бақыт гормоны бөлінсін?! Керісінше, оның мөлшері кеми береді. Ал бұл адамның жалпы жағдайына, денсаулығына әсер етпей қоймайды. Әжім түсі, ерте қартаю, стресс, күйзеліске ұласуы да ғажар емес. Ал оның соңы қауіпті дертке ұласатынын дәрігерлер де жиі айтады.


Ендеше, құлқы мен қалауы жоқ жарыңызды төсекке тартудан аулақ болыңыз. Қандай жағдай болмасын, тән тоятының құмарлық пен шынауы қалаудан басталғаны жақсы. Егер саусақ ұшы тигеннен «оталатын» болса, тіпті керемет болатынын қашанда есте сақтаңыз және сондай жағдайды қалыптастыруға асығыңыз.

Дайындаған: Ж.БАЙТҰРЫМ,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


Бетке шыққан БӨРТПЕНІ жыныстық қатынас "ЕМДЕМЕЙДІ"


ЕРКЕКТІ ҚИНАУҒА БОЛМАЙДЫ - жыныстық қатынаста БҰҒАН мән беру керек