​Жыныстық қатынаста МҰНЫ ІСТЕГЕН әйел мен еркек ҰРЫСПАЙДЫ

0
8 375

Міндетті түрде ІСТЕУ КЕРЕК!


​Жыныстық қатынаста МҰНЫ ІСТЕГЕН әйел мен еркек ҰРЫСПАЙДЫ

Жыныстық қатынас болған соң оның ләззаты, рахаты, «тәтті дәмі» таңдайда қалып, есте сақталып, кейінірек естелігімен әдемі күйге бөлеуі керек-ақ. Ал ондай болуы үшін төсектегі қауышудан соң мына БЕС нәрсені орындасаңыз жеткілікті.



ӘЖЕТХАНАҒА БАРЫҢЫЗ

Иә, жыныстық қатынастан соң ерінбей міндетті түрде әжетханаға кіріп, дәрет сындырыңыз. Ол жыныс мүшелері арқылы түсуі мүмкін инфекциялардың сыртқа шығып кетуіне сеп болады.

Бұл тек әйелдерге ғана емес, еркектерге де өте пайдалы кеңес. Зәр шығару арқылы ұрық жолында қалып кеткен шауһат қалдығын да шығарып тастайды. Әсіресе, жыныстық қатынасты көп уақыт өтпей екінші рет қайталау қажет болса, міндетті түрде әжетханаға кіріп-шыққан дұрыс.

Инфекциядан қорғанудың алғышарты емес екенін де естен шығармау қажет. Сенімді қорғану – контрацепция.



ДУШ ҚАБЫЛДАҢЫЗ

Жыныстық қатынастан соң 15 минуттан кейін ес жинап, душ қабылдау қажет. Жыныс мүшелерін ғана емес, тәтті қауышуда шыққан терден де тазарып, босаңсыған денені сергітіп алу да жақсы сезім сыйлайды. Бәлкім, алған ләззатты бұзғыңыз келмей манаурап жата бергіңіз келер. Бірақ, душқа түсіп алғаннан соң төсекке жатқанның сезімі мүлде бөлек.

Ал душ жоқ болса, ылғалды майлық немесе жылы суға малынған шүберекпен тазарып алу керек.



БІР СТАҚАН СУ

Терлеп тұрып жұмыс істеп келіп ішкен судың рахаты қандай болса, жыныстық қатынастан соң да ішілген бір стақан су ләззаттың үстіне ләззат сыйлайды адамға. Ерінбеңіз, жуынып келген соң бөлме температурасындағы салқындау суды сіміріп салыңыз.

Бұл арқылы денеден шыққан ылғалдың орнын да толтырып аласыз.



ӘҢГІМЕЛЕСІҢІЗ

Әдетте, жұбайлардың әңгімелесуге уақыты бола бермейді. Әсіресе, интим, жеке, өздеріне ғана қатысты тақырыпта сөз қозғауға тұрмыстық түйткілдер мұрша болмайды.

Сондықтан, оргазмнан соң жуынып, су ішіп келіп таза төсекте жәй ғана құшақтасып жатып өздеріне ұнаған сәтті еске түсіру, қызықтарды әңгімелеп, ұнаған әрекеттерді талқылау, жеңіл әзілдесу – жұбайлар арасын жақындатып тұрады.

Бұл тәсілді жиі орындасаңыз, күндіз жұбайлар арасында ұрыс-керіс азайып, бір-біріне қатты сөйлеуге де бата алмайтын болады.



ТАМАҚ ІШІҢІЗ

Ақ тер, көк терге түсіріп, әйел мен еркектің арасындағы ең бір тәтті сезімге бөленгеннен соң қарынның ашуы – қалыпты жағдай. Жуынып келген соң тоңазытқыштан жүрекжалғар әкеліп бірге жеу де оргазмнан кейін ыстықтан соң жаңбыр себелеп өткендей сезімге бөлейді.


Әр ыстық құшақтан соң осынау рахат сезімдерге бөлеу мүмкіндігін жіберіп алмай, әр сәтті ұтымды пайдалана білген жақсы. Себебі, жыныстық қатынастағы сәтті де тәтті сәттер қайтала бермейді.

Дайындаған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:

Жыныстық қатынаспен «АМАЛСЫЗДАН» айналысу ҚАУІПТІ


Бетке шыққан БӨРТПЕНІ жыныстық қатынас "ЕМДЕМЕЙДІ"