​Бассейнде ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСПЕН АЙНАЛЫСУҒА бола ма?

0
5 396

Эротикалық фильмдердегідей өте әсерлі, бойыңда құмарлықты оятатын сәттерді қайталағың келеді...


​Бассейнде ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСПЕН АЙНАЛЫСУҒА бола ма?

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Құмарлық дегеннің қай кезде бас көтеріп, қай кезде бойды билеп ырық бермей кететінін болжай алмайсың. Әсіресе тән жақындығында тәжірибесі жоқтар бойында құмарлық оянғанда еркіне бағындыра алмай қалатын сәттер болып тұрады.


Сондай сәттердің бірі – бассейнде шомылу кезінде. Романтикалық сәттің бірі саналатын су ішінде жақындасуға бола ма, жоқ па, сол туралы болсын бүгінгі әңгімеміз.


ЕҢ АЛДЫМЕН, көпшілік баратын бассейн, жағажайлардағы жыныстық қатынас туралы әңгіме болуы да мүмкін емес екендігін (су ішіндегі) кез келген есті адам түсінсе керек-ті. Жеке бастың тазалығын әркім өзі үшін сақтауға тиіс. (Әйтпеген жағдайда өзіңіз де басқалардың «жасап кеткен» лас жерінде шомылуыңыз әбден мүмкін).


КӨПШІЛІК ОРЫНДА ЕШҚАШАН ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСПЕН АЙНАЛЫСПАҢЫЗ! Ол үшін арнайы қоғамдық орындағы тәртіп бұзу бойынша үстіңізден іс қозғалуы мүмкін. Одан бөлек, адамгершілік тұрғыда өте орынсыз екенін де түйсікпен түсінуге болады.


Бассейнде мүшеқаппен жақындасу мүмкін емес

Көпшілік суға түсетін жерде инфекция жұқтыру тәуекелі артық болмаса, кем болмайды. Ал мүшеқап туралы ойыңызға келе бастаса, ол да шешім емес. Себебі, мүшеқаптың майлы қабаты жуылып кетеді де, ол біріншіден өте жайсыздық тудырады. Сондай-ақ, тез жыртылып кетуі мүмкін. Тіпті, суда тез шайылып сырғып, шешіліп қалуы ғажап емес.

Негізінде, судың ішінде мүшеқап кию де оңай жұмыс емес шығар?!


Аса қауіпті

Құмарлық бойды жеңгенде қауіпсіздік шарасын сақтау міндетті түрде естен шығады. Судың астында түрлі тастар, бассейннің түбі тайғақ келетінін де ұмытпаған жөн. Оқыс қимылдың өзі өкінішті жағдайға ұласуы мүмкін.


Судағы қатынас жағымсыз

Судың барлық нәрсені шайып кететіні бесенеден белгілі. Су ішіндегі жыныстық қатынаста мүшелерден бөлінетін ылғалды (жыныс мүшелерінің бір-біріне қажалуын болдырмайтын бөлінді, «смазка») жуып кетеді де, өте жағымсыз сезім тудырады. Қанша жерден құмарлығың тасып тұрса да мұндай жағымсыздықтан соң кез келгеннің аптығы басылып қалады.


Бассейн таза екеніне сенімдісің бе?

Альберт Университетінің мамандары (Канада) орташа есеппен көпшілік шомылатын бассейнде 10 л зәрдің болатынын анықтапты.

Иә, қанша мойындағың келмесе де бұл ащы шындық. Рас, адамдар арасында бассейн, шомылатын жағажайларды су ішінде дәрет сындыра беретіндері бар және мұны ешкім жоққа шығара алмайды. Мұнан кейін шомылғың да келмей қалатыны анық.

Ал шомылудан жиіркенетін жерде жыныстық қатынаспен айналысу туралы сөз де болмауы керек секілді. Кіші дәреттің құрамында болатын зиянның барлығы жыныс мүше арқылы ағзаға енуі әбден мүмкін.


«Бассейнде хлор бар»

Иә, кез келген көпшілік шомылатын арнайы бассейнге зиянды бактерияларды өлтіретін хлор және тағы басқа арнайы дәрілерді қосады.

Ал адамның жыныс мүшелерінің ішінде пайдалы бактериялар бар. Олар қорғаныс қабатын ұстап тұрады. Судағы дәрілік заттар осы пайдалы бактерияларды да өлтіріп тастауы әбден мүмкін. Онсыз жыныс мүшелерінде бактериалды вагиноз, «молочница» сияқты басқа да қауіпті ауруларға асқынуы ықтимал.

Аол суда хлор жоқ болса, онда судағы бактериялардың жыныс мүшелеріне еніп кетуі мүмкіндігі өте жоғары. Бұл жағдай несеп-жыныс жолдарының ауруна шалдықтырады.


Жалпы алғанда, көпшілік орындағы бассейн, жаңажайларды болатын жыныстық қатынастан аса жағымдыысын көріп тұрған жоқпыз. Эротикалық фильмдерден көріп қайталауға асықпаған жөн. Кинода тым әсерлі болғанымен (әсері етіп көрсеткенімен) шынайы өмірде қауіпі басым қатынастан бойды аулақ саалған жөн болар.

Дайындаған: Ж.БАЙТҰРЫМ,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


«Таңдаған ТАЗҒА ЖОЛЫҚПАЙДЫ!»: Шымкенттік келіншек бірнеше жігітпен жүріп барып тұрмысқа шығуды ұсынды


«Бір ұлым күйеуімнен емес»: Алты балалы әйел шынын айтты