АҚШ-тың мемлекеттік қарызы рекордтық деңгейге жетті

0
1 108

АҚШ-та бюджет тапшылығы 20 жылдан астам уақыт бойы байқалып келеді.


АҚШ-тың мемлекеттік қарызы рекордтық деңгейге жетті

ERNUR.KZ. АҚШ-тың мемлекеттік қарызы тарихи рекордтық деңгейге жетті, деп жазады stan.kz.

АҚШ қазынашылық деректер базасында 18 қыркүйектегі жағдай бойынша "жалпы мемлекеттік қарыз" бағанында сома $33, 04 триллионды құрады.

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы – федералды үкіметтің кредиторларға: жеке тұлғаларға, соның ішінде шетелдік инвесторларға, штаттарға немесе ірі қорларға жалпы қарызы.

АҚШ-та бюджет тапшылығы 20 жылдан астам уақыт бойы байқалып келеді.

Осы жылдың басында АҚШ-тың мемлекеттік қарызы белгіленген шектен асып, 31,4 триллион долларды құрады. Маусым айының басында АҚШ қазынашылығының дефолт қаупі туралы ескертулерінен кейін билік үкімет шығыстарын қысқарту орнына 2025 жылдың басына дейін мемлекеттік қарыз лимитін тоқтатуға келісті. Екі аптадан кейін, 16 маусымда мемлекеттік қарыз 32 триллион доллардан асты.

New York Times басылымы бюджет шығыстарын қысқарту шараларына қарамастан, АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 2030 жылға қарай 50 триллион долларға жетуі мүмкін екенін жазды.

Конгресс қазір федералды үкімет шығындарын қаржыландыруды талқылап жатыр. Бюджеттік қаржыландыру туралы заңдар пакетін қабылдаудың соңғы мерзімі 30 қыркүйек күніне белгіленді. Оған дейін Конгресс заң жобаларын қабылдауы немесе федералды қаржыландыруды қолданыстағы деңгейлерде қысқа мерзімді ұзартуға келісуі керек.