Әлемде алғаш рет науқастың миынан тірі құрт алынды

0
2 363

Австралияда дәрігерлер әлемде алғаш рет 64 жастағы әйелдің миынан сегіз сантиметрлік құртты алды.


Әлемде алғаш рет науқастың миынан тірі құрт алынды

ERNUR.KZ. Әйел қауіпті құртты шпинатқа ұқсас тағамдық шөптен жұқтырған, деп жазады Stan.kz.


Нейрохирург оны пинцетпен жұлып алғанда, ұзындығы сегіз сантиметр болатын дөңгелек гельминт құрты тірі болған және бұралып тұрған.

Науқас ұзақ уақыт бойы ішінің ауырсынуына, диареяға және құрғақ жөтелге шағымданған. Кейін есте сақтау қабілеті төмендей бастаған. Тіпті күйзеліске ұшыраған. Осыдан кейін ол толық тексеруден өту үшін Канберра ауруханасына жіберілді.

Мидан МРТ хирургиялық араласуды қажет ететін патологиялар анықталды. Нәтижесінде бұл құрт болып шықты. Қазір науқас дәрігерлердің бақылауында. Өйткені құрт оның мүшелерін зақымдайтын жұмыртқа қалдыруы мүмкін.

Ғалымдардың айтуынша, әйел тағамға арналған шөптер жинаған кезде Ophidascaris robertsi тұқымдас дөңгелек құртты бірге әкеткен. Бұл шпинатқа ұқсас отандық өсімдік. Ол оны көл маңынан алған. Ал әйел бұл өсімдікті тамақ дайындауға пайдаланған. Осылайша құрт ағзаға енген.