Әлемде астық өндірісі рекордтық көрсеткішке жетті

0
1 375

БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мәлімдеуінше, бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.


Әлемде астық өндірісі рекордтық көрсеткішке жетті

ERNUR.KZ. Биыл әлемде астық өндірісі 2,8 милиард тоннаға жетуі мүмкін., деп жазады Хабар 24.

БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мәлімдеуінше, бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Оған дүниежүзінде дәнді-дақылдар жинап, оны сақтау жағдайының жақсаруы ықпал еткен.
Еуропалық Одақ, Канада, Түркия және Қазақстанда өнім мол болады деген болжам бар. Әрі Аргентина мен Бразилияда егіннің бітік шығуы да оң әсер етіп отыр. Кейінгі бір айда әлемдік нарықта дәнді-дақылдар құны 2 пайызға арзандады.