Алла Пугачеваның бұрынғы күйеуі дүниеден озды

0
598

Александр Стефанович Пугачеваның екінші күйеуі болған.


Алла Пугачеваның бұрынғы күйеуі дүниеден озды

ERNUR.KZ. Ресейлік кинорежиссер және сценарист Александр Стефанович 77 жасында қайтыс болды, деп жазады zakon.kz.

"Комсомольская правда" басылымының хабарлауынша, өкпесі қатты зақымданған режиссер ауруханада қайтыс болды.

Александр Борисович маусым айының соңында ауырып, бірақ бірден дәрігерге көрінбей, өз-өзін емдеген. Бір сәтте оның жағдайы нашарлап, жедел жәрдем көлігімен ковид науқастарға арналған Сокольникидегі клиникаға жеткізілді.

Айта кетелік, Александр Стефанович Пугачеваның екінші күйеуі болған. Олар 1977 жылдың желтоқсанынан 1980 жылдың желтоқсанына дейін үш жыл бойы бірге тұрған.

Ері көзіне шөп салған соң әнші онымен ажырасқан. Алла Пугачеваның айтуынша, күйеуі оған адал болмаған. Алайда, күйеуі мұны ешқашан мойындаған емес.

Продюсер әншінің сахналық бейнесін жасауға белсенді ат салысқаны да айтылады. Оның айтуынша, Пугачеваның дәл қазіргі стилін өзі ойлап тапқан.