Ауғанстанда аяздан қаза тапқандар саны 39-ға жетті

0
233

Елде 13 мыңнан астам мал қырылып қалған.


Ауғанстанда аяздан қаза тапқандар саны 39-ға жетті

ERNUR.KZ. Осы қыста Ауғанстанда аяз бен қардан қаза тапқандар саны 39-ға жетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы жексенбіде ұлттық апаттарға қарсы күрес басқармасының өкілі Мулла Джанан Саик мәлімдеді.

«Біздің отандастарымыздың 39-ға жуығы қаза тапты, тағы 30-ы жаңбыр, қар және суық ауа райынан зардап шекті. Сонымен қатар 637 үй қирап, 13 889 ірі қара аяз салдарынан қырылған», - деді Джанан Саик.

Ол билік көмек көрсетуге барынша күш салатынын, соның ішінде зардап шеккен отбасыларға азық-түлік және одан әрі шығындардың алдын алу үшін мал азығын беретінін атап өтті.

Ауғанстанның кейбір аудандарында өткен жексенбіден бастап жаңбыр мен қар жауып жатыр.