Ауғанстанда "Талибан" әйелдерге саябақтарға баруға тыйым салды

0
320

Ауғанстанның "әдеп полициясы" елдегі барлық ойын-сауық саябақтары енді әйелдерді кіргізбеуі керек деп бұйрық берді.


Ауғанстанда

ERNUR.KZ. Ауғанстандағы "Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) билігі әйелдерге ойын-сауық орындары мен саябақтарға баруға тыйым салды, деп жазады stan.kz.

Ауғанстанның "әдеп полициясы" елдегі барлық ойын-сауық саябақтары енді әйелдерді кіргізбеуі керек деп бұйрық берді.

Ізгілікті насихаттау және жамандықтың алдын алу министрлігінің (MPVPV) өкілі әйелдерге ойын-сауық саябақтарына баруға болмайтынын растады. Екі саябақ операторы Талибан әйелдерді кіргізуге тыйым салғанын айтады.

Бұл шектеулер қалай болатынын министрлік нақты айтпады және әйелдерге арналған саябақтарды ашу туралы мәселеге жауап бермеген. Бұл ереже бойынша, әйелдер жалпы барлық саябақтарға және қоғамдық моншаларға бара алмайды.

Естеріңізге сала кетейік, Ауғанстанда билікке келген талибандар әйелдердің құқықтарын сақтауға уәде беріп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін айтты. Алайда кейіннен әйелдерді өлтіру туралы хабарламалар пайда бола бастады. Көп ұзамай әйелдерге спортпен шұғылдануға тыйым салынып, ер адамдардан бөлек оқуға мәжбүр болды. ОларғаКабул университетінде сабақ беруге және оқуға уақытша тыйым салынды. Сонымен қатар, Талибан Ауғанстандағы әйелдерді хиджаб киюге міндеттеді.

Бұған дейін БҰҰ "Талибанды" әйелдерге қатысты тыйымдарды жоюға шақырған болатын.