Әзербайжанда әскери тікұшақ құлады: қаза тапқандар бар

0
602

Әуе кемесі Хызин ауданындағы Гарагейбат аймағындағы полигонда ұшу жаттығуын орындаған.


Әзербайжанда әскери тікұшақ құлады: қаза тапқандар бар

ERNUR.KZ. Әзербайжанда әскери тікұшақ құлап, салдарынан 14 адам қаза тауып, тағы екі адам жараланды, деп жазады tengrinews.kz.

Әуе кемесі Хызин ауданындағы Гарагейбат аймағындағы полигонда ұшу жаттығуын орындаған. Қаза тапқандар мен жарақат алғандардың аты-жөні белгілі, тізімде 14 адам жазылған.

Тікұшақтың құлауына қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу республиканың бас прокуратурасының бақылауында.

"Бас прокуратура басшылығымен бірге оқиға орнын тексеру жүргізілді. Бас прокуратураның тергеу басқармасында қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Артынша, Түркия президенті хабарласып, Әзербайжан халқына көңіл айтты.