Байден Америка азаматтарын Украинадан жылдам кетуге шақырды

0
473

Осы аптада АҚШ мемлекеттік департаменті Украинаны "қызыл тізімге" енгізіп, азаматтарына ол жаққа бармауға кеңес берген.


Байден Америка азаматтарын Украинадан жылдам кетуге шақырды

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Джо Байден Америка азаматтарын Украинадан жылдам кетуге шақырды. Ол бұл елдегі жағдай "аяқ асты өзгеріп кетуі мүмкін" екенін жеткізген, деп жазады Stan.kz.

"Байден бұл туралы NBC News телеарнасына берген сұхбатында айтқан. Сұхбат барысында ол "Америка азаматтары дәл қазір кетуі тиіс" - деген.

"Әлемдегі ең ірі армиялардың бірімен бетпе-бет келіп отырмыз. Бұл мүлдем бөлек жағдай және барлығы аяқ асты өзгеріп кетуі мүмкін", - деген АҚШ президенті.

Ол сонымен бірге Ресей тіпті Украинаға басып кірсе де, америкалықтарды құтқару үшін әскер жібермейтінін атап өтті.

"Онда бұл дүниежүзілік соғысқа айналар еді. Америкалықтар мен орыстар бір-біріне оқ ата бастаса, мүлде басқа әлемге тап боламыз, - деп қосты Байден.

Осы аптада АҚШ мемлекеттік департаменті Украинаны "қызыл тізімге" енгізіп, азаматтарына ол жаққа бармауға кеңес берген. Ведомство "Ресейден әскери қауіп артқан шақта" Украинадағы барлық азаматтарын елден шұғыл кетуге кеңес берді.