Бүгін таңертең Қырғызстанда жер сілкінісі болды

0
505

Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, Қырғызстанда таңғы сағат 6:03-те жер сілкінісі болды.


Бүгін таңертең Қырғызстанда жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Геджиге ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 17 км, Нұра ауылынан солтүстік-батысқа қарай 30 км, Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 108 км жерде орналасқан, деп жазады inbusiness.kz.

Қырғыз Республикасының елді мекендерінде жер сілкінісінің күші: Геджиге, Қара-Кіндік, Кек-Суу ауылдарында – 2,5 балл болды.

Айта кетейік, Қырғызстанда кеше, 19 наурыз күні сағат 21.05-те эпицентрде күші 3,5 балдық жер сілкінісі болды.

Елді мекендерде жер сілкінісінің күші Қашқа-Суу, Таш-Дебе ауылдарында 3 балл, Бішкек қаласында, Күнтуу, Арчалы, Арашан, Қой-Таш, Бәйтік, Таш, Бұлақ, Алмалуу ауылдарында 2,5 балл болды.