​Дәрігерлер ес-түссіз жатқан адамға көмектесудің орнына KFC жеп отыра берген

0
2 076

Бұл көріністі тұрғындардың бірі видеоға түсіріп алған.


​Дәрігерлер ес-түссіз жатқан адамға көмектесудің орнына KFC жеп отыра берген

ERNUR.KZ. Мәскеу облысының Одинцово қаласындағы KFC асханаларының бірінде дәрігерлер ес-түссіз жатқан ер адамға алғашқы көмек көрсетпеген сәтін тұрғындардың бірі видеоға түсіріп алған, деп жазады ktk.kz.

Видео ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Типичное Одинцово» тобында жарияланды. Кадрда 3 жедел жәрдем қызметкерінің тамақтанып отырғанын, ал кіре берісте белгісіз ер адамның ес-түссіз жатқанын көруге болады. Дәрігерлер сәлден соң әлгі адамның дәл жанынан түк болмағандай өтіп, сыртқа шығып кетеді.

15 минуттан соң олар асханаға қайта оралып, ер адамды ауруханаға алып кетеді. Алайда оның қазіргі жағдайы жайлы дәрігерлер ешқандай ақпарат жарияламай отыр.