Грекия премьер-министрі Украина бойынша бейбіт конференцияға қатысуға шақыруды қабылдады

0
213

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің қатысуынсыз Украина бойынша келіссөздер процесі мағынасыз екенін айтты.


Грекия премьер-министрі Украина бойынша бейбіт конференцияға қатысуға шақыруды қабылдады

ERNUR.KZ. Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис Владимир Зеленскиймен кездесуінде маусым айында Швейцарияда өтетін Украина бойынша бейбітшілік конференциясына қатысуға шақыруын қабылдағанын айтты, деп жазады sputnik.kz.

"Мен Вильнюсте президент Владимир Зеленскиймен кездестім. Украинаны мүлтіксіз қолдайтынымызды растадым және оның Швейцарияда өтетін алдағы жаһандық бейбітшілік саммитіне қатысуға шақыруын қабылдадым", - деп жазды премьер-министр X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Швейцарияда 15-16 маусым күндері Люцерн қаласының маңында Украина бойынша бейбітшілік конференциясы өтеді. Ресей қатыспайды, бірақ 120-ға жуық мемлекет басшысы келеді деп күтілуде. Берндегі Ресей елшілігінің баспасөз хатшысы Владимир Хохлов РИА Новостиге Швейцарияның Ресей Федерациясына Украина бойынша саммитке қатысуға шақыру жібермегенін, Мәскеу бәрібір қатыспайтынын айтқан. Ол бұл бейбітшілік конференциясының идеясы Ресей Федерациясы үшін қолайсыз екенін, өйткені оны ұйымдастырушылар ресейлік мүдделерді ескермейтінін айтты.

Өз кезегінде Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің қатысуынсыз Украина бойынша келіссөздер процесі мағынасыз екенін, бірақ Швейцариядағы саммитте қандай бейбітшілік формуласы талқыланатынын түсіну қажет екенін айтты.