ІІМ орталық аппаратынан 600-ден астам қызметкер қысқартылды

0
980

Қысқартылған штаттардың есебінен учаскелік милицияларға 100 штат, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторларға 25 штат, кезекші бөлімдерге 45 штат қосылады


ІІМ орталық аппаратынан 600-ден астам қызметкер қысқартылды

ERNUR.KZ. Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратынан 600-ден астам қызметкер қысқартылды. Бұл туралы Қырғызстан ішкі істер министрі Кашкар Джунушалиев мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Министрдің сөзіне қарағанда, ол республиканың барлық өңірлерін аралап, жағдаймен танысып шыққан.

«Жергілікті тұрғындармен сұхбаттасып, аумақтық және өңірлік полиция бөлімшелерінің проблемаларымен таныса келе, Қырғыз Республикасы ішкі істер органдарының қызметін оңтайландыру туралы шешімге келдім. Ішкі істер органдарының басты міндеттерінің бірі өз күшіне сүйене отырып өңірлерді нығайту, дамыту болып табылады. Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратынан 625 штат қысқарады», - деді ол.

Қысқартылған штаттардың есебінен учаскелік милицияларға 100 штат, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторларға 25 штат, кезекші бөлімдерге 45 штат қосылады.