Илон Маск миллиардерлер тізімінде төртінші орынға көтерілді

0
501

Рейтингте бірінші орында Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос тұр.


Илон Маск миллиардерлер тізімінде төртінші орынға көтерілді

ERNUR.KZ. Tesla және SpaceX басшысы Илон Маск Bloomberg миллиардерлер рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Хабар24.

Tesla акциялары рекорд жаңартқаннан кейін Маск әлемдегі ең бай адамдар тізімінде төртінші орынға көтерілді. Қазіргі уақытта оның байлығы 84,8 млрд долларға бағаланады.

Рейтингте бірінші орында Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос ($188 млрд), одан кейін Microsoft корпорациясының басшысы Билл Гейтс ($121 млрд) және үшінші орында Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг ($99 млрд) тұр.

Бұған дейін Илон Масктің әлемдегі ең бай бес адамның қатарына енгенін хабарлаған еді.