Индонезияда жанартау атқылап, 11 альпинист қаза тапты

0
406

12 адам із-түзсіз жоғалғандар тізіміне енді.


Индонезияда жанартау атқылап, 11 альпинист қаза тапты

ERNUR.KZ. Индонезияның Суматра аралында Марапи жанартауының атқылауы кезінде альпинистер қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Euronews хабарлауынша, 75-ке жуық альпинист сенбі күні шыңға шығып бара жатқанда кенеттен жанартау атқылап, күл бағандары 3 мың метр биікке шапши бастаған. Жақын маңдағы ауылдар мен қалаларды жанартау қалдықтары басып қалды.

«11 альпинистің мәйіті табылды, үшеуі құтқарылды, 12-сі із-түзсіз жоғалғандар тізіміне енді. Тағы 49 адам таудан өздігінен түскен, кейбірі күйік шалып, ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Сарапшылардың айтуынша, Марапи әрқашан кенеттен атқылайды әрі ошағы жер бетіне тым жақын орналасқандықтан, жылдам анықтау қиынға соғады.